Елімізде 21 жасқа толмаған азаматтарға энергетикалық сусындарды сатуға тыйым салынды. Тиісті заңға президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды. Жаңа шаралар тәуелділік қаупін азайтуға көмектеседі деп күтілуде. Шектеу ережелерінің сақталуы қалай бақыланады? Тілші әңгімесінде.

Қазақстанда энергетикалық сусындарды сатуға тыйым салынатыны туралы заң ел күткен жаңалықтардың бірі. Мемлекет басшысы құжатқа қол қойды. Заң 2025 жылы 1 қаңтарда күшіне енеді. Айта кетейік, дәрігерлер балалар арасында энергетикке әуестіктің артқанына алаңдаулы. Мамандар дабыл қағып, сусын зиянды заттарға толы екенін айтады. Шырын қан қысымын көтеріп, жүрек қағысының бұзылуына әкеледі. Бұдан бөлек, жүйке жүйесінің жұмысына әсер етеді. Алайда сарапшылар қойылған шектеу жұмыспен қамту мәселесін туындатуы мүмкін екенін айтады.

«Біз осы заңның қабылдануын қолдаймыз. Энергетикалық сусындарды өндірушілер мен сатушылар Заңның нормаларын сақтайтыны сөзсіз. Бірақ, жұмыс орындары айтарлықтай қысқаруы мүмкін. Өйткені сатылым мен өнімділік төмендейді. Біздің білуімізше, заң 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді. Бізде жеткізушілер арасында қазір түсіндіру жұмыстарын жүргізудеміз.»

ФАРХАТ СЕЙІТОВ, "ЕУРАЗИЯ"ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ СУСЫНДАР ӨНДІРУШІЛЕР ҚАУЫМДАСТЫҒЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Дүкендер мен басқа да сату нүктелері жаңа талаптарды орындау үшін пысықталуда. Сатушылар кәмелет жасына толмаған азаматтарға сатылмас үшін жеке басын куәләндыратын құжаттарын тексеруге міндетті.

ОЛЬГА ЛОПАТЬКО, САТУШЫ

Менің ойымша бұл заң өте қажет. Себебі бұл зиянды сусын балаларға сатылмау керек.

АЛЕКСАНДРА ПОПОВА, КӘСІПКЕР

Мен бұл заңды қолдаймын. Аңғарғанымдай қазір жастар аталған сусынды ішіп жүреді. Оның еш пайдасы жоқ. Зияны көп.

Кәсіпкерлердің айтуынша, олар әрбір сатылған энергетиктен орташа 15-20 теңге пайда көреді. Сондықтан жас буынның денсаулығы бірінші орында. Ал заңнаманы бұзып, кәсіпкерлер айыппұл арқалағысы келмейді. Сондықтан алдағы күндері халық арасында заңнаманың тармақтары аясында түсіндірме жұмыстары басталады.

ВАЛЕНТИНА ЛЕОНОВА, АЛЕКСЕЙ МЕХЕДОВ ЕА