Балаңыз жаз уақытында лагерьге бара ма? Жалпы сіздер Павлодар қаласында жазғы-сауықтыру орталықтарының барын білесіз бе? Мысалы, Мичурин ауылында «Балдәурен» лагері бар. Оның жұмысы жайлы толығырақ Самал Қалиқызы айтсын.

Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз әрі пайдалы өту үшін үлкендер бар күшін салады. Керемет көңіл-күй мен ерекше естеліктер сыйлайтын жер, әлбетте жазғы лагерь. Ата-аналар таңдауына байланысты балаларын мектеп жанындағы және қала сыртындағы тіпті республикалық лагерьлерге жібере алады.

ЕРНАР САДУОВ, ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ

1-10 сынып оқушыларын жазғы демалыспен қамту мақсатында Павлодарда түрлі лагерьлер жұмыс жасап жатыр. Жалпы жаз уақытында 48 мыңнан астам бала демалыспен қамтылады деп жоспарланған. 31 мектеп 15 күнге созылатын мектеп жанындағы күндізгі лагерьлер жұмыс жасайды. Ол оқушылардың 70 пайызын құрайды.

Павлодарлық оқушыларға арналған жазғы лагерьлердің бірі мына Мичурин ауылындағы Балдәурен орталығы. Демалыс орнына 7 ауысымда 900-ге жуық бала келеді. Лагерьге жаңа түскен оқушылар алдымен медициналық бекетте оттегі коктейлін ішіп, тұзды шахтада демалады. Балалардың қызығушылығына байланысты сурет салу, ұлттық тағамдарды дайындау, кітап оқу, би билеу, ән айту үйірмелері жұмыс жасайды.

МАРЖАН ҚАСЕНУӘЛИЕВА, «БАЛДӘУРЕН» ОҚУ-САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ М.А.

Жас аспаз» жобасы бар. Тамақтар дайындайды. Спортта ойындар өтеді. Күндіз әртүрлі интеллектуалды ойындар, кітап оқиды.

ӘЛИМА БАЙБОЛАТОВА, ОҚУШЫ

Бос уақытымда біз кітіп оқимыз. Арнайы орын бар. Кешкі шаралар болады. Сонда конкурстар болады, өзін көрсетеді. Домбыра үйірмесі бар, онда көп бала барады.

Асханаға келсек, оқушылар 5 мезгіл тамақ ішеді. Яғни стандартқа сәйкес балаларға мәзірдегі тағамның барлық түрі беріледі. Аллергиясы барлар да назарда. Жатын бөлмелелерде 3 немесе 5 баладан ұйықтайды. Оқушылар қажетті төсек орындармен, сөрелермен қамтылған. Осы демалыс үшін 10 күнге 25 мың теңге төлеу керек.

МАРЖАН ҚАСЕНУӘЛИЕВА, «БАЛДӘУРЕН» ОҚУ-САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ М.А.

10 күнге балалар бізге 25 мың төлейді. Күні 2500 теңгені құрайды. 10 күндік ауысым 25 мың теңгені құрайды.

Лагерьді аралаған бетте орталық жөндеуді қажет ететінін байқадық. Ғимараттың қаусап ескіріп тұрғаны көңіл көншітпейді. Ескі нысанда тек ағымдағы жөндеу жұмыстарын ғана жүргізілген. Бір қарағанда Кеңес кезеңін еске салады. Сондықтан, орталық басшысы жақында жөндеу жұмыстары басталып, біртіндеп терезелер ауыстырылып, дәретханалар жөнделетінін айтты. Айта кетсек, лагерьдағы оқушылардың жартысы жетім, әлеуметтік топтағы балалар болғандықтан арнайы жеңілдікпен келеді.

САМАЛ ҚАЛИҚЫЗЫ, ТІЛШІ

Мичурин ауылындағы балдаурен лагері негізі жыл бойы жұмыс жасайды. Жазғы маусым 28 тамызға дейін жалғасады. 406 бала келіп үлгерген. Оның ішінде 150 бала аз қамтылған отбасыдан.