Өңіріміздің дамуына елеулі үлес қосып жүрген жандар көп. Мәселен, келесі кейіпкеріміз ұзақ жылдар бойы нейрохирургия саласында қызмет етіп келеді. Сырқат жанның дертіне дауа, еміне шипа таба білген азамат туралы алдағы сюжеттен көрейік.

Денсаулық сақтау ардагері Рашид Дүйсембаев қырық жылдан астам уақыт нейрохирургия саласында еңбек етіп, 1000-нан астам операция жасаған. Көп жылғы еңбегі бағаланып жылдары мыңнан астам операция жүргізді, "Денсаулық сақтау саласының үздігі", "Алтын скальпель" сияқты жоғары марапаттары бар. Бүгінде нейрохирург өңіріміздің Құрметті азаматының бірі атанған. Кейіпкеріміз бала күнінде, 1958 жылы Новосибирскіден Павлодарға ата-анасымен қоныс аударған екен.

РАШИД ДҮЙСЕМБАЕВ, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ

Әлі есімде, бала күнімде жүгіріп өскен көшелер бүгін мүлде басқаша. Ұшақ ұшқанын көрсек қатты қуанатынбыз. Ал, жедел-жәрдем көлігін көргенде ерекше сезім болатын менде. Қазір, мінекей, техника деген бар әлемді қоршап тұр. Біздің қаламызда да үлкен прогресс бар.

Абзал жан әсіресе Павлодардың нейрохирургия саласы қалай өзгергенін есіне алады. Өткен жылдардағы қауіпті оталар қазір жаңа технологиялардың арақасында жеңіл атқарып келеді дейді. Сондай-ақ, қаламыздағы жағалаулар мен демалыс орындары көшшілікті таңқалдыратының атап өтті.

РАШИД ДҮЙСЕМБАЕВ, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ

Павлодар - болашақтың қаласы. Жеріміздегі байлық өте үлкен, табиғи ресурстарға да баймыз.Индустриалды қала. Келер болашақ сіздер мен өскелең жастар үшін деп айтқым келеді. Менің бір ойым өз қаламызда үлкен жастар үшін неке сарайы салынғанын қалаймын. Себебі, жас отбасының ең тәтті кезеңдері ерекше болып есте қалатын еді.

Кейіпкеріміз үшін Павлодар ерекше қала. Ол мұнда отбасын құрып, сүйікті кәсібін тапты. Кәсібилігі арқасында жас мамандарды оқытты, шәкірттері ұстаз атын шет елдерде асқақтап жүр. Әрі отбасында ата жолын қуатын болашақ нейрохирургтар өсіп келеді.

Қымбат Садық, Анастасия Ерш