Павлодар қаласының мәдени өмірі де әрқилы. Оның ішінде облыстық қазақ музыка драма театрының алар орны да ерекше. Қара шаңырағымыз әр кезеңде көрерменді қуантып отырады. Толығырақ келесі сюжетте.

Павлодар қаласындағы көрікті, мәдени орындардың бірі Назарбаев көшесіндегі Жүсіпбек Аймауытов атындағы қазақ театрымыз. Бұл театрда әр кезеңде тарихи, драма, трагедия, комедия жанрындағы дүниелер сахналанды. Олардың басы-қасында өмірін осы Павлодармен байланыстырған өнер адамдары бар.

ӘДІЛЕТ АҚАНОВ, Ж.АЙМАУЫТОВ АТЫНДАҒЫ ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚ МУЗЫКАЛЫҚ ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ КӨРКЕМДІК ЖЕТЕКШІСІ

Менің туып өскен жерім ШҚО, Шар қаласы. Семей қасында, моноқала. Сол жерде туып өсітм. Алматыдағы академияға оқуға түстім. 2015 жылы оқуды бітіретін кезде Мұхтар Байжұманов, Бекболат Оқасов осы теарға шақырды. Әр кез жазда демалыста Павлодарға келіп тұратынмын.

Содан 2015 жылы кейіпкеріміз Әділет Ақанов Ертістің бойындағы Павлодар шаһарына келіп, еңбек жолын бастады. Бірақ осы жолы бұл өңірге бұрынғыдай демалып кету үшін емес, саналы түрде өмірінің жаңа кезеңін бастауға келген.

ӘДІЛЕТ АҚАНОВ, Ж.АЙМАУЫТОВ АТЫНДАҒЫ ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚ МУЗЫКАЛЫҚ ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ КӨРКЕМДІК ЖЕТЕКШІСІ

Ал 2015 жылы оқу бітіріп келген Павлодар ол мүлде бөлек. Ол жерде Павлодарға жаңадан ғашық болдым. Таңертең кіріп, кешке шығамыз. Осы театр арқылы, қала адамдардан тұрады. Қаланың халқы, менталитетні ұнайды. Адамдардың ашықтығы.

Сонымен Әділет Ақановтың Жүсіпбек Аймауытов театрында қызмет етіп жүргеніне 9 жылдан асты. Режиссер қызметінен бастап, қазір театрдың көркемдік жетекшісіне дейін жетті.

ӘДІЛЕТ АҚАНОВ, Ж.АЙМАУЫТОВ АТЫНДАҒЫ ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚ МУЗЫКАЛЫҚ ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ КӨРКЕМДІК ЖЕТЕКШІСІ

Ең алғашқы сол «қызыл Алма» спктаклінен басталып, түрлі жобалар қойдық. Бәріне мүмкіндік жасап жатқан театр, осы жердің адамдары. Сол себепті Павлодар мәңгі бақи жүректе қалатын қала.

Қазір облыстық театр труппасы демалыста. Қыркүйекте театрдың жаңа маусымы ашылып, республикалық театрлардың фестивалі өтеді. Соған дайындық қызу.

Самал Қалиқызы