Еліміздегі бірқатар автожолдарда ауыр жүк көліктерінің жүруіне уақытша шектеу енгізілді. Салынған тыйымның себептері туралы толығырақ тілшіміз жалғастырады.

Ыстық күндері асфальт жабыны жұмсақ әрі осал келеді. Сондықтан ауыр жүк көліктері айтарлықтай зиян келтіреді. Қазақстандағы жүк көліктерінің қозғалысына жазғы мезгілде енгізілетін уақытша шектеулер жол инфрақұрылымын сақтап, қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз етеді. Шектеу 8 тоннадан асатын ауыр техникаларға қатысты болып келеді.

АЛМАТ ШОЙЫНБАЕВ, «ҚАЗАВТОЖОЛ» ҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯСЫ АҚ ПАВЛОДАР ФИЛИАЛЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Көлік және транспорт» коммуникация министрлігінің 315 бұйрығына сәйкес 2024 жылдың 1 маусымынан бастап 15 тамызға дейін 4 климаттық жол аймағы үшін барлық жол қозғалыстарына жол белгілері орнатылған. Қолданыстағы жол климаттық жіктеуге сәйкес ҚР бүкіл аумағы негізінде 3 және 5 зонаға жатады. Жол жамылғысының мерзімінен тыс тозуы транзиттік және жергілікті ауыр жүк көліктерінің тасымалдауына байланысты болып келеді. Қазіргі уақытта жол кебінділері яғни жол жабындысы 13 тоннаға нормативтік халықаралық стандарттар бойынша жобалануда. Ауыр жүктердің қозғалысын шектеу қоғамның құзыретіне кірмейді.

Бұл шектеу еліміздің барлық аймағын қамтығанымен, ауа-райына байланысты түрлі мезгілде енгізіледі. Мысалы, ауа температурасы 25 градустан жоғары болған кезде сағат 11:00-ден 21:00-ге дейін шектеу Ақмола, Абай, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай облыстарына қойылады. Дәл осы тізімге Павлодар облысы да енді. Енгізілген шектеулердің бұзылмауын көлік инспекциясы мамандары қадағалайтын болады.

АЛМАТ ШОЙЫНБАЕВ, «ҚАЗАВТОЖОЛ» ҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯСЫ АҚ ПАВЛОДАР ФИЛИАЛЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Барлық жол белгілері орнатылған. Бізде 16363 км Павлодар облысында өзініңін жергілікті жолы бар. Сол барлық жолдарда жол белгілері орнатылған. Әрі қарай транспортный инспекция жұмыстарын атқару керек. Олар жолға шығу керек, жүк көліктері нормативтен асып кеткен жағдайда оларды тоқтату керек, тексеру керек.

Мұндай ережелер жолдардың ұзақ қызмет етуіне, олардың жөндеу жұмыстарындағы шығынды азайтуға мүмкіндік береді. Айта кетейік, жүк көліктеріне енгізілген шектеу 1 маусым мен 15 тамызға дейін жалғасады.

Қымбат Садық, Евгений Олейник, ЕА.