Өңірімізде отан алдындағы борышын өтеп жүрген сарбаздар салтанатты түрде ант қабылдады. 5512 әскери бөлімінің жауынгерлері шаһарымызда қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.
Әскери ант қабылдау салтанаты – ерекше жауынгерлік рәсімдердің бірі. Бұл арқылы сарбаздар Отанды қорғауға әзір болуға, әскери қызмет міндеттерін адал атқаруға жауапкершілік алады. Шараға еліміздің алты аймағынан жиналған борышкерлер қатысты. Рәсімде сарбаздардың ата-ана, жақындары келді.
СВЕТЛАНА ШИН, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ АНАЛАР КЕҢЕСІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ КЕҢЕСШІСІ
Біз бүгін үлкен, ауқымды іс-шараға қатысудамыз. Бүгін 5512 әскери бөліміне келген жаңа сарбаздар ант қабылдады. Жақында біз былтыр жазғы әскерге шақырылған соңғы 117 сарбаздарды үйлеріне жіберген едік. Ал бүгін әскери бөлімге жаңадан келген жауынгерлер келді. Айта кетейік, олар бізге еліміздің 6 аймағынан келді. Біз Аналар кеңесі мүшелері бұл балалармен үнемі байланысьа болып, әскері бөлімге ат басын бұрып отырамыз.
Жас өрендер үшін аталған күн мәңгі есте қалады. Бұл шара ата-аналарға зор мақтаныш. Бисен Дәуренбай, Павлодарға талдықорған қаласынан келді.
БИСЕН ДӘУРЕНБАЙ, АТА-АНА
Біз Жетісу облысы Талдықорған қаласынан арнайы балаларымызды әскерге шығарып салу ант беру рәсіміне келдік. Енді қарап отрырмыз бәрібір патриоттық сезімде тұрғаны балалардың сол духы көрініп тұр. Және олар енді жіберген мақсатымыз азаматтық борышын өтеп, отанын қорғау үшін осындай арнайы жіберіп отырмыз.
АНАР ҚАЛИБЕКОВА, АТА-АНА
Әр ана үшін өмірге сәби алып келген кезде ол бала дүниеге келгенде қорғанышым дүниеге келді деп қуанатын сәт қой. Міне сол күн бүгінгі дәлелім міне. Аллаға сансыз шүкір, міне павлодар қаласына ұлым Қалибек Даниял әскери борышын ақтауға өзінің күш жігерімен, өзінің ынтасымен келген еді. Қуаныштымын. Осындай білекті, жүректі ұрпағымыздың барына ризамын. Ұлым енді елін жерін қорғауға дайын екеніне көзім жетіп. Қуанышты күйде тұрмын.
Арнайы әскери киім үлгісін киіп, елін қорғауға, мүлтіксіз адал қызмет етуге ант берген сарбаздар жігерлі, бойларында патриоттық рух пен сүйіспеншілік басым. Даниал Қалибек сарбаздар қатарында сап түзеп, үйренерім көп дейді.
ДАНИАЛ ҚАЛИБЕК, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ №5512 ӘСКЕРИ БӨЛІМІНІҢ САРБАЗЫ
Әскери борышымды өтеуге. Ата-анама мақтаныш болуға. Қазақстан Республикасына, арттағы ұрпақтарға үлгі болуға.
«Нұр ана» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бақытжамал Максилова да борышкерлерді маңызды күнімен құттықтап, батасын берді.
БАҚЫТЖАМАЛ МАКСИЛОВА, «НҰР АНА» ҚБ ТӨРАҒАСЫ
Сондықтан анттарыныз өмірлік болсын. Әрқашанда жолдарың ақ болсын. Елімізді қорғайтын, қорғанышы болатын, осындай ұлдарымызбен біз мақтанатын болайық. Ақ жол құлындарым. Аман есен бір жылдан соң үйлеріңізге қайтасыздар, бірақ отан алдында борыштарыңызды өтейсіздер. Құтты болсын бүгінгі күн.
Аз уақытта әскери тәртіпке үйреніп қалған әр сарбаз өздеріне жүктелген міндетті жауапкершілікпен сезінгені анық.
Салтанат Бауыржанқызы. Алексей Мехеедов. ЕА.