Әлеуметтік осал топтағы азаматтарға берілетін баспаналарды мемлекеттік қызметшілер ешбір шешімсіз, құжатсыз бірнеше ай бойы ақшасын төлемей жалдап келген. Бұл заңсыздыққа аудандық экономиканың нақты секторы бөлім басшысы жол берген. Тәртіптік іс әдеп жөніндегі кеңес отырысында қаралды.
Әдеп жөніндегі кеңес барысында алдымен мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссияларының жұмысын талдау нәтижелері баяндалды. Кейін тәртіптік істер қаралды. Жалпы біздің елімізде азаматтарға тұрғын үйді беру тұрғын үй комиссиясы, оның шешімі арқылы жүзеге асады. Алайда біздің өңірде ешбір комиссиясыз, шешімсіз әлеуметтік осал топтағы азаматтарға берілетін баспаналарды олды-солды таратқан мемлекеттік қызметшілердің бары анықталды. Мәселен, Аққулы ауданы экономиканың нақты секторы бөлімінің басшысы Бауыржан Аралов ешбір құжатсыз үйлерді төтеншеліктерге, полицейлерге, мемлекеттік қызметшілерге берген.
ЕРҒАНАТ ӘБИСАЛИКОВ, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІНІҢ ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТТІҢ БАС МАМАНЫ
2023 жылдың 21 желтоқсанда кезектен тыс халықтың әлеуметтік осал топтағы үй берілді. Оны мемлекеттік қызметшіге беру фактісі тіркелді. 2023-2024 жылдары кезекте тұрған азаматтарға қарамастан 10-нан астам үй заңсыз жалға берілді. Әртүрлі лауазымды тұлғаларға пәтер ретінде.
Осы ретте бұл үйлерде тұрған шенеуніктер тіпті жалға беру құнын төлеуге асықпаған. Заң негізінде бөлім басшысы да тиісті тұрғын үй берешегін алуға тырыспаған көрінеді.
ЕРҒАНАТ ӘБИСАЛИКОВ, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІНІҢ ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТТІҢ БАС МАМАНЫ
Сонымен қатар, бөлім басшылығымен тұрғын үй берешегін тиісті шаралар жүргізілмеген. Аралов кезінен бастап лауазымды адамдар тарапынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін мүлдем төлемдер жасалмаған. Осылайша заңсыз артықшылық көрсетілген.
ЕРЖАН ҚАРЫМСАҚОВ, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІНІҢ ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ
Аққулы ауданы әкімінің орынбасары Қайбағаров, Молдагельдинов, полиция қызметкерлері төлемеген. Они что на гособеспече Ескерту қызметтікние что ли, нет.
Бөлім басшысы аталған азаматтар ол өзі қызметке келмей тұрып, бұл үйлерге кіргенін айтты. Қазір келісімшарттар жасалды, қарыздар туралы хабарламалар жіберілді деп түсіндірді. Қызметтік тергеп тексеру кезінде бөлім басшысы кінәсін мойындады. Алдағы уақытта мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың талаптарын бұзбау туралы түсініктеме берген. Осылайша Заңның 50 бабы 1 тармағы 4 тармақшасында көзделген мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылықтары бар екені атап өткен жөн. Айта кетейік, Бауыржан Аралов Аққулы ауданы экономиканың нақты секторы бөлімінің басшысы болып 2024 жылдың 31 қаңтарынан қызмет атқарады, қолданыстағы тәртіптік жазасы жоқ. Кеңес барысында мемлекеттік қызметшіге қатысты бірдауыстан қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту берілді.
Самал Қалиқызы, Юрий Белевский, ЕА