Шаһарымызда кезекті рет азаматтарды қабылдау күні өтті. Қала тұрғындары облыстық мемлекеттік мекеме басшыларына мазалаған сұрақтарын қойып, жауаптарын алды. Толығырақ тілші әңгімесінде.

Азаматтарды қабылдау орталығына келген әр тұрғын кез келген мемлекеттік органға өтініш беріп, түрлі ведомстволардың өкілдерінен кеңес алу мүмкіндігіне ие болды. Бір қолайлысы күту уақытының көп болмауы, әр азамат өз сұрағына жылдам жауап алды.

САЛТАНАТ НҰРМАҒАМБЕТОВА , ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ ӨТІНІШТЕРДІ ҚАБЫЛДАУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ

Бұл азаматтарды қабылдаулар бізде тұрақты негізде өткізіледі. Міне сағат 12-ден бастап қабылдаулар басталды. Кешке дейін созылады. Соңғы қабылдау 24-ші мектепте өтеді. Қала тұрғындары біледі, осыған қоса сұрақтарын дайындап, кезекті қабылдауларды асыға күтіп жүреді. Сондықтан , бүгінде бізде өтініш берушілер өте көп. Мұнда азаматтар өздерінің мәселелерімен жергілікті мемлекеттік органдарға және құқық қорғау органдарына өз келу мүмкіндігіне де ие.

Виктория Чикинаны тұрғын үй туралы сауал мазалайды. Себебі, қыздың анасы пәтерге 15 жылға жуық кезекте тұрып, бірақ қайтыс болған. Енді ол кезектегі тізімде анасының орнында тұр екен.

ВИКТОРИЯ ЧИКИНА ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

Мен пәтерді осы жылдың соңына дейін алуымды талап еткім келеді. Себебі мен өзім сәби күтіп жүргендіктен, алдағы уақытта баламның да жылы үйде тұрғанын қалаймын. Негізі, бізге Камзина 6 мекенжайынан бөлме берілген . Бірақ ол жер өте қолайсыз. Сондықтан тезірек өз пәтеріме қол жеткізсем деп ойламйын.

Тұрғын үй инспекциясынан бөлек басқа тақырыптар бойынша мәселелер қозғалды. Әр азаматтың сауалына қанағаттанарлықтай жауап берілді. Айта кетсек, бұндай шаралар алдағы уақыттарда да халық назарына қайта ұсынылмақ.

САЛТАНАТ БАУЫРЖАНҚЫЗЫ, ЕВГЕНИЙ ОЛЕЙНИК , ЕА