Ғаламтордың дамуы алаяқтық әрекеттердің көбеюіне жол ашты. Қазір телефон арқылы банктен хабарласып тұрмын деп қоңырау шалатындардың қарасы молайды. Сондықтан полиция сақтық шараларын үнемі естен шығармау керектігін ескертеді.
Полиция киберқылмыскердің құрығына түспеу үшін келесі жағдайларды ескертеді. Егер сізге банктен хабарласып, қандай да бір операцияларды орындау керектігін айтса, тұтқаны қойып, банктің сенім телефоны арқылы мән-жайдың анық қанығына көз жеткізіп алыңыз. Өйткені, банк ешқашан тұтынушыларына хабарласып, жеке деректерді сұрамайды. Ал сауда саттық жасаған кезде ешқашан алдын ала төлем жасамаңыз. Тек тауарды қолға алған соң ғана төлеуге келісіңіз. Оған келіспеген жағдайда сенбеген дұрыс. Банк қосымшаларын App Store және Play Market сынды ресми бағдарламалардан ғана жүктеңіз.
ӨЗГЕРІС ҚУАНАР, ЕА