Әлемге әйгілі опера әншісі Мария Мудряк туған жері, – Павлодарға келді. Кәсіби вокалист демалысын Ертіс жағасында өткізіп, алған әсерімен бөлісті.
Мария Мудряк – талантымен әлемді мойындатқан опера әншісі. Ол тоғыз жасынан бастап Италия тұрады. Онда музыкалық білімін жетілдіріп, әлемнің үздік сопраноларының қатарына енген. Жерлесіміз жырақта жүрсе де, туған жерін ұмытпай, Қазақстанға жиі келуге тырысады.
МАРИЯ МУДРЯК, ОПЕРА ӘНШІСІ
Мен қаламызды жақсы көремін. Мұнда демалысымды әкеммен бірге өткізу үшін келдім. Шаһардың, әсіресе, орталығының кейпі таңғалдырады. Жағалау, жағажай, оларға сән беріп тұрған гүлдер – барлығы тұрғындардың игілігі үшін жасалған. «Ertis Promenade» сахнасы, мәдениет, спорт дамып жатыр. Ең бастысы – қаламыз тек көркейіп, гүлденуде.
Кейіпкеріміз өңіріміздің көрнекі жерлерін аралап, жақындарымен бірге уақыт өткізгенді құп көреді.
МАРИЯ МУДРЯК, ОПЕРА ӘНШІСІ
Мен Баянауылға барып, естен кетпес 4 күн өткіздім. Балалық шағым есіме түсті. Ол жерде жақындарымды, достарымды кездестірдім. Халықтың позитиві мен мейірімі, Отанымыздың энергиясы алдағы маусымға қуат берді.
Павлодардағы демалысы кезінде әншіні Ертіс жағасында кездестіруге болады. Мария Мудряктың айтуынша, орталық жағалау – оның шаһардағы сүйікті орны. Өнер иесі тыңдармандарымен кездесіп, олардың жылы лебіздерін тыңдау шабыттандырып, алға жетелейтінін де айтады.
ЖҰЛДЫЗ ҚАБЫЛДЕНОВА, ЕВГЕНИЙ ОЛЕЙНИК, ЕА