Бүгін облыс әкімдігінде аймақтың әлеуметтік-экономиканың дамуының жарты жылдық қорытындысы белгілі болды. Қазынаға қаржы құйылып, өңірдің әл ауқаты артты. Сондай-ақ фитосанитарлық жағдай мәселесі қаралды. Толығырақ әкімдік жиынына қатысып қайтқан тілші әңгімесінде.
Облыс әкімі Асайын Байхановтың қатысумен өткен аппаратты жиын кадрлық ауыс-түйістен басталды. Енді облыс әкімінің инвестиция және бизнесті дамыту мәселелері жөніндегі орынбасары қызметтін Қабылтаева Әйгерім атқаратын болады.
АСАЙЫН БАЙХАНОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
Менің өкіміме сәйкес және Президент әкімшілігінің келісімен Қабылтаев Әйгерім Жаңбіртайқызы Павлодар облысы әкімі инвестиция және бизнесті дамыту жөніндегі орынбасар лауазымына тағайындалды.
Ал Павлодар облысы сәулет және қала құрылысы басқармасына Асқар Ажмұрат жеткшілік етеді. Өңір басшысы тағайындалған жауапты тұлғаларға жұмысында сәттілік пен нәтеже тілеп, аппарат жиынында жоспарланған күн тәртібіне көшті. 6 ай қорытындысы бойынша өңір экономикасы көш бастап тұр. Бұл жөнінде сала басқармасының басшысы Ирина Назарчук айтты.
ИРИНА НАЗАРЧУК, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БЮДЖЕТТІК ЖОСПАРЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша өсім байқалады. Экономикалық индикатор 103,5 пайызды құрайды. Есепті кезеңде 1,4 трлн теңге өнеркәсіптік өнім өндірілді. Өңдеу секторында 7,4 пайыз өсім байқалады. Ауыл шаруашылығы саласының көлемі 4,7 пайызға ұлғайды. Бұл 85 млрд теңге. Өсім мал шаруашылығы өнімі есебінен қамтамасыз етілді.Алайда Баянауыл, Ертіс, Шарбақты және Аққулы аудандарында өнеркәсіп саласы арта қалып келеді. Бұл мәселені назарға алуды сұраймын.
Өсім динамикасының бәсеңдеуін өңір басшысы ауыл шаруашылығы саласымен байланыстырады. Жауапты ведоства басшысы тамыз айына дейін динамика теңесетінін айтты.
ДАРХАН ДОЩАНОВ, АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Ертіс ауданында ұн өндірісі 42,3 пайызға төмендеді. Ал Шарбақты ауданы 36,5 пайызға төмендеді. Аққулы ауданы бойынша қазрі таңда Бесқарағай кәсіпорын аусысуна байланысты. Ертіс пен Шарбақты ауданы осы тамыз айынан бастап өз қуатында болады.
Бұдан кейін жиналыста облыс қаржысының игерілуі сөз етілді. Бұнда да өсім бар. Өңір қазынасына 186 млрд теңге кіріс кірген.
ДӘМЕТКЕН БИПАУ, ОБЛЫСТЫҚ ҚАРЖЫ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
1 шілдедегі жағдай бойынша облыс бюджетіне 186,1 млрд теңге қаржы құйылды. Бюджеттің орындалуы 104,9 пайызды құрап отыр. Яғни, кіріс жоспардан тыс 8,7 пайызға артық. Меншікті кіріс барлық аудандарда орындалды.
Бұдан кейін жиында – өңірдің фитосанитарлық жағдайы қаралды. 116 мың гектар алқапқа щегіртке зиянкестеріне қарсы химиялық өңдеу жүргізілген. Алдын ала болжам бойынша, біздің облыста бұл жәндіктерден қауіп жоқ.
Көрші өңірлердегі жағдай орын алмас үшін өңір басшысы құзырлы инспекцияға нақты тапсырма берді.
АСАЙЫН БАЙХАНОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
Ресей және басқа облыстармен шекаралас фитосанитарлық жағдайға ерекше бақылау жасасын. Ауылшаруашылық және бюджеттік жоспарлау басқармалары шегіртке зиянкестеріне қарсы бюджет қаражатын бөлінуін қамтамасыз етсін.
Облыс әкімі қауіп жоқ болғанымен, бұл мәселе назарда болуы тиіс болу керек екенін айтты.
ӘЙГЕРІМ ТОҚПАНҚЫЗЫ, ЮРИЙ БЕЛЕВСКИЙ, ЕА