Павлодар облысында 15 мың теңге қарызы бар адам мемлекеттік кірістер департаментіне банкрот деп тану үшін өтініш білдірген. Ал ең жоғары сома 20 млн теңгені құрайды. Жалпы облыста 1 жарым жылдың ішінде қанша жеке тұлға банкрот деп танылды? Тілші сюжетінде.

2023 жылдың наурыз айынан бастап елімізде банкроттық туралы заң қабылданды. Қарызын өтей алмай жүрген азаматтар банкрот деп танылып, мемлекеттен көмек сұрай алатын мүмкіндікке ие болды. Әлбетте мемлекеттік кірістер органдары алдында банкроттықты дәлелдеу оңай шаруа емес, сондықтан жеке тұлғаның тиісті құжаттары мен дәлелдемелері болуы тиіс. Облыста осы бір жарым жылдың ішінде 500-ден астам жеке тұлға банкрот деп танылған екен.

МИРГҮЛ МАЖИМОВА, МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ

Заңның қабылданған уақытынан бастап бүгінгі күнге дейін 3800 адам өтініш тапсырды. 500 оң қаралып 700 млн теңгеге қарыздары алып тасталды. 140 адам қайтарып алды. Яғни жеке тұлғалар банктердің өздерінің қарыздарын өзі төлейтін болды. 280 адамның өтініші қаралуда. 2800 өтініш кері қайтарылды. Шарттарға сәйкес келмеуі.

Айта кетейік, «Банкрот» деп танылған азаматтар үш жыл бойы Мемлекеттік кірістер департаментінің бақылауында болады. Тиісті құжат «Ашық» порталында жарияланды. Оған сәйкес несие қарызы кешірілген адамның банктегі жеке деректері мен мемлекеттік және сот органдарындағы мәліметтер базасына ұдайы мониторинг жүргізеледі. Оған Мемлекеттік кірістер комитетінің республикалық маңызы бар қалалар мен облыстардағы бөлімшелері жауапты.

МИРГҮЛ МАЖИМОВА, МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ

Заңның күшіне енуіне байланысты. Бүгінгі таңға дейін өтініш бергендер арасында ең жоғары сома қарызы 20 млн теңге, ең азы 16 мың теңге құрайды. Банкрот деп тану бойынша аудандар арасында Павлодар ауданында банкрот деп танылды.

Соңғы мәлімет бойынша елімізде 13 мыңнан астам адам банкрот деп танылған. 27 млрд теңгеден астам қарыз кешірілген.

Самал Қалиқызы, Юрий Белевский, ЕА