Өңірімізде жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында республикалық «Түнгі қаладағы балалар» атты акция өтті. Павлодар станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері Атамекен кентінде болып, рейд ұйымдастырды. Толығырақ алдағы сюжетте.

Жаз мезгілінде көше аралайтын балалар көп. Бұл жүрістің соңы құқықбұзушылыққа алып келуі мүмкін. Осындай жағдайларды алдын алу мақсатында ұйымдастырылған акцияда полиция қызметкерлері тұрғындарға түсндірме жұмыстарын өткізді. Мамандар облыс орталығының сапаржай аумағын тексеріп, ескертпе қағаздарын таратты.

ЕРНАР МАМАНОВ, ПАВЛОДАР СТАНЦИЯСЫ ЖЕЛІЛІК ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНІҢ ӘКІМШІЛІК БӨЛІМШЕСІНІҢ БАСТЫҒЫ

Іс-шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасындағы қылмысты ескерту және оның алдын алу, оның ішінде тәуліктің кешкі және түнгі уақытында кәмелдетке толмағандардың арасындағы құқықбұзушылықтың жолын кесу, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ балаларға қатысты қылмыстық қол сұғушылықтардың алдын алу.

Жыл басынан бері өңірде темір жол бйында ата-ата қарауынсыз жүрген бір бала анықталды. Заң бойынша кәмелетке толмаған балалардың түнгі сағат 23:00-ден кейін заңсыз өкілінсіз көше кезіп жүрмеу керек.

ЕРНАР МАМАНОВ, ПАВЛОДАР СТАНЦИЯСЫ ЖЕЛІЛІК ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНІҢ ӘКІМШІЛІК БӨЛІМШЕСІНІҢ БАСТЫҒЫ

Кәмелетке толмаған бала (ол 18 жасқа дейінгі) түнгі уақытта заңсыз тұлғасыз жүріп жатса, ең бірінші ата-аналары қайда тұратының анықтаймыз, егер қалада тұрса үйіне апарып, ата-анаға әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтырамыз.

Бұдан соң рейд Атамекен кентінде жалғасты. Полиция қызметкерлері алдымен теміржол маңын тексеріп, кейін ойын алаңындағы балалардың ата-анасымен сөйлесті. Қауіпсіздік ережелерін айтты.

Жолдан өткенде, үйге барарда абайлап,сақтанып жүріңдер. Теміржол маңына бармандар, ол жер ойнайтын жер емес.

Балаға ең алдымен отбасы жауапты. Атамекен кентінің тұрғыны дәл осы пікірмен келіседі. Сондықтан көпбалалы ана үнемі балалардың қауіпсіздігін қадағалап отыратынын айтты.

ОКСАНА ЛУКИЯНОВА, АТАМЕКЕН КЕНТІНІҢ ТҰРҒЫНЫ

Мен көпбалалы анамын, 4 балам бар. Бос уақытымда олармен бірге жүремін. Ойын алаңында жүрседе қастарында боламын. Менің қадағалауымсыз ешқандай теміржол жолдарына шықпайды, оның қауіпті екенін ескертемін. Балаларды бақылап отыру мен үшін өте маңызды.

Тәртіп сақшыларының мұндай тексерістері балалардың қауіпсіздігі үшін атқарылады. Өз кезегінде балғындар да айтылған ескертулерді түсінді.

АБУТАЙЫР СЫЗДЫҚОВ, ОҚУШЫ

Полиция қызметкерлері бізге айтты теміржолға болмайды баруға, жолға абайлап шығыңдар деді.

Айта кетейік, мұндай рейд жұмыстары жасөспірімдердің бей-берекет жүруіне тосқауыл болып, олардың қауіпсіздігі жолында маңызы зор.

ҚЫМБАТ САДЫҚ,ЕВГЕНИЙ ОЛЕЙНИК, ЕА