Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 1 шілдеде Салық туралы заңға қол қойды. Заң 2025 жылғы 1 қаңтарда күшіне енеді, дегенмен кейбір жеке норманың енгізілуіне арнайы мерзімдер бекітілген. Салық Кодексіне сонымен қандай өзгерістер енгізіледі? Тілшіміз айтсын.
2025 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізілетін ҚР Салық Кодексінің жобасында салық салу рәсімдерінің жеңілдетуге, әкімшілік жүктемені азайтуға және шағын, орта бизнесті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған негізгі өзгерістерге баса назар аударылады. Жеке табыс салығын есептеу кезінде стандартты салық шегерімін 30 АЕК көлемінде дейін ұлғайту көзделген. Әлеуметтік салықтың жаңа тіркелген ставкасы 6 пайыз мөшерлемесінде қалады.
МИРГҮЛ МАЖИМОВА, МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ
Негізінен атап өтетіні бақылау сипатындағы шаралар хабарлау сипатындағы шаралағар баса назара аударылады. Декларация тапсырылмаса нөлдік есепттен есептеледі. Бір жыл ішінде әрекетсіздік болса қызметті тоқтау бойынша шешімдер қабылдау.
Бұдан бөлек, Өзін өзі жұмыспен қамтығандар үшін бірыңғай және ең төменгі төлеммен 4 пайызды жеңілдікті режим ұсынылады. Оған міндетті зейнетақы жинағы, әлеуметтік аударымдар және МӘМС жарналары ғана кіреді. Бұрынғыдай жеке кәсіпкер ретінде тіркелу міндетті емес. Сондай-ақ, Жеңіл көліктерге салықты есептеу көлік құралын пайдалану мерзіміне байланысты болады. Яғни 10-20 жыл аралығында 0,7 пайыз, ал 20 жылдан астам көлікті пайдалансаңыз 0,5 пайыз салық төлейтің боласыз. Осы сияқты жаңа заңда көп өзгерістер мен толықтырулар енгізелетін болады.
Самал Қалиқызы, Юрий Белевский, ЕА