«Ертіс» арнасының жаңа жобасы «Мен қазақпын» жуырда көрермендерге ұсынылады. Бұл бағдарламада түсірілім тобымыз шекара асып Алтай Республикасы Қосағаш ауданының тынысымен танысқан еді. Шекара асқан мекенде қазақтың мұралары сақталған музей бар. Бұл заттар қазақ тарихына зер салуға мүмкіндік береді. Толығырақ тілші әңгімесінде.
Алтай қазақтарының музейі. 1999 жылы Алтай Республикасының қоғам қайраткері Әуелхан Жазитұлының қолдауымен ашылған екен. Ішіндегі мұраларының барлығы көшпелі ата-бабаларымыздың қолданған заттары.
ЛЯЗЗАТ АҚҚОЖАНОВА, АЛТАЙ ҚАЗАҚТАРЫ МУЗЕЙІНІҢ БАСШЫСЫ
Алтай қазақтарының мұражайы 1999 жылы Әуелхан Жазитұлының нұсқауымен ашылды...құрылтайы болды сол күні. Өзім 1999 жылдан бері осы мұражайда істеп келе жатырмын. Сол күні Алтай қазақтарының үлкен құрылтайы болды
Музейде 200 ден аса экспонат бар. Алтай Республикасындағы қазақтардын қолдағы мұралары жиналған. Басып көпшілігі көшенді қазақтың тұрмыста қолданылған жәдігерлері.
ЛЯЗЗАТ АҚҚОЖАНОВА, АЛТАЙ ҚАЗАҚТАРЫ МУЗЕЙІНІҢ БАСШЫСЫ
Ең құнды жәдігер деп көп нәрсені айтуға болады. Мысалы бізде киіз үйге қажеттінің бәрі бар. Қазақтың тұрмысы толық қойылған.
Айта кетейік, бұл музей Алтайдың Қосағаш ауданындағы Жаңауылда орналасқан. Үш елге шекаралас елдімекен туралы 3 тамыз сағат 19.00-де «Мен қазақпын» жобасынан көре аласыздар.
Байтұрсын Жұмабай