Отыз үшінші жазғы олимпиада ойындары қазақстандықтар үшін табысты басталды. Әлемдік доданың алғашқы күні-ақ ел қоржынына алтын медаль түсті. Елдос Сметов Қазақстан дзюдо тарихында алғашқы олимпиада чемпионы атанды.
Елдос Сметов бұған дейін екі бірдей олимпиада ойындарына жүлдеге іліккен. 2016-жылы Риода күміс, 2021 жылы Токиода қола медальға иелік етті. Биыл шымылдығын түрген Париж төріндегі дода балуан үшін, барша ел үшін аса сәтті болды.
Елдос Сметовке жеңіс әкелген, тарихи алтын әкелген әдіс осы. Төрешілер бұл әдісті база ри ге бағалады.
Елдос Сметовтан бөлек, дзюдо күресі бойынша Ғұсман Қырғызбаев қол медальға қол жеткізді. Бұл да Қазақстан дзюдосы үшін тарихи жетістік болды. 66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үздіктер қатарынан табылған Ғұсманның да ерлігі ел үшін мерекеге тең.
Сондай-ақ, пневатикалық ату спорты бойынша командалық сайысқа түсткен Ислам Сатпаев пен Александра Ле қола медаль олжалады.
НАТАЛЬЯ ЗИГАЛЕВА, АТУ СПОРТЫНАН ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ АҒА ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ
Жалпы алғанда бұл медаль кездейсоқ емес. Бұдан бұрын олар көптеген құрлықтық, халықаралық бәсекелерде топ жарып, жүлдеге ілігіп жүрді. Әлем кубогінде жүлдегер атанды. Қалай болғанда да олимпиада лицензиясы кездейсоқ берілген жоқ қой
Иә, олимпиада ойындары бұл спорттың шыңына шыққан жандар қатысатын дода. Сондықтан, оған жолдам алудың өзі жеңіс. Ал, олимпиада жүлдесі әрқашан ел мерейі.
Жанасыл Серікбол