Адамдар көп шоғырланатын жерлердің бірі сауда нысандары. Сондықтан мұндағы өрт қауіпсіздігінің талаптары басты назарда болуы қажет.Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды.

Сауда орталықтары үлкен қалаларда ғана емес, шағын аудандарда тіпті ауылдық жерлерде де бар. Сондықтан өрт қауіпсіздігі ережесін қатаң сақтау басты талап. Мәселен, жыл басынан бері сауда нысандары бойынша Павлодар қаласында екі, Ақсу қаласында бір өрт оқиғасы тіркелген. Осы мақсатта елімізде республикалық «Қауіпсіз сауда» акциясы өтті. Оның барысында облысымыздағы 96 сауда орындарында профилактикалық жұмыстар жүргізілген.

Ұйымдастырылған акция жалпы түсіндірме жұмыстарына негізделген. Ал нақты тексерістер жүргізіліп, құқықбұзушылықтар анықталса сауда нысандарына тиісті шаралар қолданылады. Айта кетейік, егер тұрғындар тарапанынан шағым түсетін болса жоспардан тыс тексерістер жүргізіледі. Әзірге өңірімізде жауапты мамандар тарапына мұндай шағымдар түспеген.

ОРАЗБЕК УӘЛИХАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТЖД МЕМЛЕКЕТТІК ӨРТ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ

Бұзушылықтар қалай анықталады? Ол үшін, жоспарлы немесе жоспардан тыс тексерістер болу керек. Жоспарлы тексеріс бірінші немесе екінші жартыжылдыққа жоспарланса сол кезде тексеріледі. Алайда, жоспармен барған кезде тек ғана ұйғарым беріледі орындалу уақытымен ғана. Егерде ұйғарымды орындамаған болса әкімшілік сотқа жолданады хаттама толтырылып, кодекс бойынша қаралады

Адамдар көп жүретін жерлерде өрттен сақтанудың ең негізгі жолы қауіпсіздік ережелері болып табылады. Сондықтан барынша абай болған жөн.

Қымбат Садық