Диабетке шалдыққан науқастар жәрдемақы алатынын білдіңіз бе? Оған қазір құжат тапсыру жүргізіліп жатыр. Бірақ аталмыш көмекті инсулинге тәуелді пациенттер ғана алады. Тақырыпты толығырақ тілшіміз жалғастырсын.
Халықаралық диабет федерациясының деректеріне сәйкес әлемде 537 миллионнан астам адам қант диабетіне шалдыққан. Ал Қазақстанда бұл көрсеткіш 400 мыңнан асады. Мемлекет ай сайын 1104 балаға инсулинді көмек алуға жағдай жасап отыр. Бұдан бөлек, қант диабетіне шалдыққандарға мемлекет тарапынан бір реттік әлеуметтік көмек көрсетіледі. Ол 1,2 топтағы инсулинге тәуелді азаматтарға ғана төленеді.
АЙСҰЛУ ҚҰСАЙЫНОВА, ҚАЛАЛЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ
Ағымдағы жылы мәслихат шешіміне өзгерістер енгізілді. Яғни 2024 жылдың маусым айына дейін қант диабетінің инсулинге тәуелді 1 типі ғана жәрдемақы алатын, енді инсулинге тәуелді 1,2 типтегі науқастар бұл жәрдемақыны ала алады.
Бір реттік жәрдемақының көлемі 36920 теңгені құрайды. Оны алу үшін тек жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне барып, өтініш жазсаңыз болғаны. 2023 жылы бұл жәрдемақыны инсулинге тәуелді 500 павлодарлық алған. Биыл 400 өтініш келіп түскен.
АЙСҰЛУ ҚҰСАЙЫНОВА, ҚАЛАЛЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ
Аталмыш жәрдемақыны алу үшін емханадан дәрігерлік-консультативтік комиссиядан анықтама, ағымдағы шоттың 20 сандық нөмірін ұсыну керек. Кривенко 25, 3-ші үстелге келіп құжаттарды тапсыру керек. Анықтама үшін 325780, 320383 нөміріне хабарласуға болады.
Еске салсақ, жәрдемақы жыл сайын инсулинге тәуелді науқастарға ғана беріледі. Жылына бір-ақ рет төленеді. Яғни жылда алатын пациенттерге жыл сайын құжат тапсыру міндет емес.
Самал Қалиқызы