Алтын Орда- дала өркениетінің үлгісі ретінде бізге жетті. Сол мұраны қайта зерделеу уақыт талабы. Себебі, Ұлы дала империясының тарихы көбіне тек әскери-саяси тұрғыдан ғана сипатталады. Алайда, Алтын Орданың мәдени-рухани тарихы да өшпес із қалдырды. Біздің мемлекеттігіміздің ғана емес, ұлттық дүниетанымымыздың да бастауы осы кезеңге сай келеді. 



Жошы ұлысы, Алтын Орда, қазақ мемлекеттілігінің негізі деуге бүгінде еш күмән жоқ дейді Павлодарлық жазушы Серік Елікбай. Мәселен Алтын Орда аумағында түркі әдебиеті мен ғылымының негізін қалаған тұлғалар шоғыры қалыптасты. Олар Сыпыра жырау, Құтыб, Рабғузи, Гәнжауи, Нақышпандия, Яссауи.

Серік Елікбай - ғалым, ҚР жазушылар одағы павлодар облыстық филиалының төрағасы

Бірінші жазбаны әкелдік әдебиетті әкелді. Сосын нақты ғылымдарды әкелді. осыған қосымша дінге танымдық жағын әкелді. Сол Шағатайлық тілдік нормативте жазылған еңбектердің бәрі кейінгі ұрпаққа мұра болып жетті. Демек олардың бәрі Алтын Ордадан кейінгі барын Қазақ хандығына дейінгі екі ортада тұрған дүниенің бәрі осы Алтын Орданың тұлғаларының істеген дүниесі. Біз соның жалғасмыз.