Жазғы демалысты қалай өткізген пайдалы? Әлібетте көпшілігі жағажайларда демалғанды қалайды. Алайда, жазғы демалыс уақытында таным көкжиегін кеңейтіп, рухани баю үшін мәдени, тарихи орындарға ат басын бұратындар да бар. Мәселен, табиғи ескерткішіне келіп, ежелгі дәуірлерге сапар шеге алады. Табиғат пен тарих тоғысқан ерекше аумақтың бүгінгі келбетімен және оның ғылыми құндылығымен тілшіміз Сабина Жолдаспаева танысып қайтты.


Қазқонақ – Павлодар өңіріндегі ең танымал табиғи-тарихи нысандардың бірі. Бұл жер тек әсем көрінісімен ғана емес, ғылыми зерттеулер үшін де маңызды. Мұнда жүргізілген жұмыстар аймақтың миллиондаған жыл бұрынғы табиғаты мен жануарлар дүниесін тануға мүмкіндік берді. 

Мамандардың айтуынша, Қазқонақтың ғылыми маңызы өте жоғары. Табылған қазба қалдықтары ежелгі дәуірдегі жануарлар әлемін зерттеуге жол ашқан. Бүгінде бұл аумақ өңірдің ең құнды геологиялық және палеонтологиялық ескерткіштерінің бірі ретінде қорғалады. Мұнда сақталған деректер өткен мен бүгінді байланыстыратын маңызды тарихи мұра болып саналады.

Қазқонақ туралы мол мағлұматты облыстық өлкетану музейінен де білуге болады. Мұнда қазба жұмыстары кезінде табылған жәдігерлер мен ғылыми материалдар жинақталған. Мамандар бұл орынның халықаралық ғылыми ортада да ерекше қызығушылық тудыратынын айтады. 

Гүлжайнат Алиева, Г.Потанин атындағы өлке тарихының ғылыми-зерттеуін қамтамасыз ету бөлімінің басшысы

1929 жылдары Юрий Алексеевич Орлов Қазқонақты ашқан кезде, осында қазба жұмыстары басталды. Екі жылдай жұмыс жүргізіліп, Москва қаласына зерттеу үшін, зертханаға 20 вагон жеткізілді. Қазіргі таңда біздің өңірімізде табылған гиппорион кезінің жануарларының сүйектері Орлов атында палентология институтының музейінде сақталған. 

Қазқонақ – Павлодар өңірінің табиғи және тарихи байлығын айқын көрсететін ерекше нысан. Мұнда сақталған жәдігерлер мен ғылыми деректер өткен дәуірдің құпиясын ашып, өлкенің бай мұрасын танытады. Осындай орындар арқылы тұрғындар туған жердің тарихын тереңірек танып, оның құндылығын бағалай түседі.


Сабина Жолдаспаева