Сұлтанмахмұд Торайғыров атындағы Павлодар облыстық кітапханасының қоры жаңа кітаптармен толықты. Биыл оқырман назарына қандай туындылар ұсынылды? Кітапханаға қанша жаңа кітап келіп түсті? Толығырақ алдағы материалда.
Мемлекет басшысының кітапхана саласын дамытуға бағытталған тапсырмалары аясында өңір кітапханаларының қоры жыл сайын жаңарып келеді. Жыл басынан бері облыстық кітапхананың абонемент бөліміне 262 жаңа кітап түскен. Оның 135-і қазақ тілінде. Кітапхана сөрелері «Қазіргі заманғы қазақ романы» сериясымен жарық көрген жаңа туындылармен де толыққан. Атап айтқанда, Мұрат Алмасбектің «Екі жағалау», Асқар Алтайдың «Каскад» және Айым Ақылтайдың «Қарыз», Жүсіпбек Қорғасбектің «Кельндегі көкжал» романдары оқырманға жол тартты. Бұл шығармалар – қазіргі қазақ прозасындағы танымал қаламгерлердің еңбектері.
Лида Рахимғалиева, С. Торайғыров атындағы Павлодар облыстық кітапханасының кітапханашысы
Қуаныш Жиенбайдың, Қуат Бораштың және Думан Рамазанның келіп түсті. Бұл кітаптар өте жақсы жазылған. Үлкен шрифте жазылған. Оқырмандарға сұранысқа ие деп ойлаймын. Біздің облыстық кітапханада жақсы кітаптармен толығып отырады. Былтыр 500 ден астам кітап түсті. Биыл 262 кітап түсті. Тағыда жыл сонына дейін оқырмандарды қуантады деп ойлаймын. Және де браиль қарпімен зағип жандарға арналған бір кітаппен сөреміз толықты.
Жаңа әдебиеттер тек абонемент бөлімінде ғана емес, оқу залында да қолжетімді. Биыл мұнда 300-ден астам кітап келіп түскен. Олар оқырмандардың назарын бірден аударатын арнайы сөрелерге орналастырылған. Кітапханаға күн сайын шамамен 250 адам келіп, түрлі жанрдағы әдебиеттерді пайдаланады. Ал оқу залында ғылыми, танымдық және мерзімді басылымдарға сұраныс жоғары.
Айсұлу Байғабылова, С. Торайғыров атындағы Павлодар облыстық кітапханасының өндірістік бөлімнің меңгерушісі
Осы оқу залын айта кететін болсақ 100-ге жақындап қалды мерзімді басылымды қоссақ. Түрлі шаралар болғанда 650 ден астам адамдар келеді бізге. Осы жылдың басында 312 дана кітап келіп түсті 216 мемлекеттік тілде. Мерзімді басылымға келсек 64 журналдар. Оның ішінде 25 қазақша,24 газет оның ішінде 14і мемлекеттік тілде.
Кітапты өмірінің ажырамас серігіне айналдырған тұрақты оқырмандар үшін кітапхана – білім мен руханияттың ордасы ғана емес, екінші үйге айналған мекен. Сондықтан олар жаңа кітаптардың келуін асыға күтеді.
Наталья Наумова, оқырман
Кітапханаға 15 жылдан астам уақыт келемін. маған көбінесе түлі романдармен детективті жанр ұнайды. Жаңа кітаптардан шытырман детективті кітаптарды алғым келеді.
Кітапхана қорының тұрақты жаңаруы оқырмандардың қызығушылығын арттырып, кітап оқуға деген құштарлықты күшейте түсуде. Жаңа туындылар мен тың басылымдар алдағы уақытта да кітапсүйер қауымды қуанта бермек.
Дильназ Қуанышбекқызы