Республикалық рейдтер барысында жалған нөмірлі 500-ден астам автокөлік анықталды. 10-14 маусым аралығында ішкі істер органдары жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін пайдаланатын көлік құралдарын анықтау және осындай деректердің жолын кесу бойынша республикалық рейдтік іс-шаралар өткізді.