Баянауылдықтарды қандай экологиялық мәселелер алаңдатады? Қоқыс полигонының жағдайы не болып жатыр? Аудан орталығында тұрғындардың қатысуымен жиын өтті. Толығырақ Самал Қалиқызы айтсын.
Павлодар облысы экология департаментінің басшысы Қанат Мұсапарбеков өңірдің аудандарын аралап, тұрғындармен кездесіп жатыр. Негізгі мақсат елдімекендердегі экологиялық мәселелерді көтеру, олардың шешімін табу. Кезекті жиын Баянауылда өтті.
Қанат Мұсапарбеков, Павлодар облысы экология департаментінің басшысы
Енді Баянауыл өңірінің проблемалы сұрақтарын білеміз. біріншіден полигон, екінші үш көл солардың маңайы. Санитарлық экологиялық талаптарға сай болу керек. Әлі де жетілдіру керек. Осындай сұрақтармен келіп отырмыз.
Сонымен, полигонның жағдайы бұрыннан мәлім. Орналасқан орны да тұрғындардың көңілінен шықпайтын көрінеді.
Ардақ Ксентаев, Баянауыл ауданының әкімі
Бүгінгі күні біздің тарапымыздан су ресурстары басқармасымен ЖСҚ әзірленген. Мемлекеттік сатып алулар өткізіліп, мердігер анықталған. Қаражаттың бөлінуі бойынша жұмыс жасап жатырмыз. Майқайың мен Баянауылда құрылыс жүргізіледі. Екнішіден оны ешкім сырттын төгіп кеткен жоқ. Ол қоқысты Баянауылдың халқы төгіп жатыр. біз жинап, бәрін кіргіздік. Техника қай жерге жетеді, мәдениетті қалыптастыру керек тазалыққа.
Бұл сөзді Павлодар облысы жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы да растады.
Гүлнар Сағитова, Павлодар облысы жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының бөлім басшысы
Қатты қалдықтар полигонын салуға ЖСҚ әзірленген. Қаржыландыру мәселесі шешілмегендіктен. басқармамен жеңілдетілген лизинг бойынша жұмыстар жүргізіледі, сол шешілсе, полигондардың құрылыс жұмыстары басталады.
Бұдан бөлек, аудандағы өндіріс орындарынан жүк көлікпен тонналап әрлі берлі-жүк тасымалданады. Олардың қанша тонна өнім шығарып, тасып жатқанын бірде-бір эколог тексермейді, дейді ауыл ақсақалы Қорабай Шәкіров.
Қорабай Шәкіров, «ел-экология» ҚБ басшысы
Бізде эколог жоқ ауданда. Осыншама ауданда, аумақта бір эколог жоқ. Бір кезде осы елде 2-3 машинасымен 2-3 азамат қызмет істеген. Экологтар жақсы қызмет істеп еді, бәрін орнына қоятын еді.
Қанат Мұсапарбеков, Павлодар облысы экология департаментінің басшысы
Бүгінгі күнге сұрағыңыз орынды. Сұрақ тұр. Мен өз тарапымнан айтарым, республикада жағдай осылай. Бұрын бір ауданда бөлім болатын. Олар әр бұзушылықты өздері тексеріп, жауып тастайтын, қазір кәсіпкерлік арқасында жағдай жақсарды. 100 пайыз қолдап отыр. Аяқ астынан тексеру тоқтатты. Мен инспектор беруді тағы министр алдына қоямыз сұрақты.
Баянауыл азаматтарын ақбөкендердің көбеюі де алаңдатып отыр. Шаруа қожалық иелерін егістік даласы, ал қарапайым тұрғындарды мал жайылатын аумақта бөкендердің мыңдап жүргені уайымдатып отыр. Бұрын Бірлік пен Қызылтау ауылдық округінде ғана болған ақбөкендер қазір Баянуылдың барлық ауылдарында. Осы ретте аудан әкімі бұл бағытта табиғатты қорғаушыларды, экологтарды бірлесіп жұмыс істеуге шақырды.
Самал Қалиқызы