Республика партиясынан Мәжіліс депутаты Динара Наумова жұмыс сапарымен Павлодарға келді. Оның аясында депутат аутизммен ауыратын балаларға арналған заманауи орталыққа, сондай-ақ қарттар үйіне барды. Қандай жұмыстармен танысты? Алдағы сюжеттен көрейік.
Мәжіліс депутаты өмір сүру жағдайымен, азаматтарды әлеуметтік қолдау деңгейімен танысып, болашаққа арналған үлкен жоспарларды тыңдады. Облыстық жалпы үлгідегі қарттар және мүмкіндіг шектеулі жандар үйіне барды. Мұнда келесі жылы құны 2 млрд теңгені құрайтын күрделі жөндеу жұмыстары жоспарланған.
МАРИНА СТРЕЛКОВСКАЯ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ЖАЛПЫ ҮЛГІДЕГІ ҚАРТТАР ЖӘНЕ МҮГЕДЕКТЕР ҮЙІНІҢ БАСШЫСЫ
Біздің негізгі мақсат-заманауи құрылыс нормаларына сәйкес орталықты оңтайландыру. Сондай-ақ, бөлмелерді біріктіруді жоспарлап отырмыз, сонда әр адам өз бетінше бір бөлмеде жалғыз тұра алады, онда жеке жуыну, дәретхана бөлмелері болады. Бұдан басқа лифт, құрал-жабдықтра, жиһахдар болады. Ең оңтайлысы осы деп санаймыз
Бұлан бөлек қасбеті, шатыры жаңартылып, аумаққа абаттанлдыру жұмыстары жүргізіледі. Айта кетейік, ғимараттың өзі 1974 жылы салынған. Қазір орталықта 273 зейнеткер тұрады, оның 94-і мүмкіндігі шектеулі жандар. Мәжіліс депутаты қариялармен әңгімелесіп, өзекті сауал қойды. Сұрақтар алдағы уақытта мәжіліс отырысында көтеріледі.
ДИНАРА НАУМОВА, МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ
Мұндағы жандардың түсінігі мол, қалаулары да бір. мен тілегі бар. Мүмкіндігі шектеулі жандар мен қарт адамдар үшін медициналық-әлеуметтік көмек беру, азаматтардың нақты санатымен біріктіру, қолдау мен үшін өте маңызды болды. Ол кісілер ұсынған ұсыныстарды, тілектерін мәжіліс деңгейде көтеруіміз қажет, осы мақсатта тиісті шаралар қолданатын боламыз
БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ ҚАНДАЙ?
Бұдан кейін мәжіліс депутаты облыстық балаларды оңалту орталығының қызметмен танысты. 1,5 және 18 жас аралығындағы әртүрлі физикалық, әрі ақыл-ой кемістігі бар балаларға көмектесетін мекеме жыл сайын 100-ден астам баланы қамтиды екен, Орталық өңірде өткен жылы ашылды, қазіргі заманға сай жабдықтармен жабдықталған. Олардың құны 200 миллион теңгеден асады. Қазір орталықтағы күрмеуі қиын мәселе, бұл білікті кадрлардың тапшылығы.
ӘЗІЛ МАНАБАЕВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ БАЛАЛАРДЫ ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Мұндай балаларды оңалту орталығы еліміздің 8 аймағында бар. Оның қызметі үшін жаңа, білікті мамандар қаже. Бұл сенсорлық интеграция мамандары және кинезиотерапевттер. Бірақ біздің арнайы қызметтерді көрсетудің минималды стандарттарында мұндай мамандар қарастырылмаған және біз мүмкіндігінше алып жүруге тырысамыз. Менің ойымша, "Қамқорлық қоры" бастамасы аясында құрылған осындай әртүрлі орталықтар үшін жаңа ережелер мен стандарттар әзірлеу қажет. Бұл дәл осындай орталық қызметінің басты спектрі болып табылады
Мәжіліс депутаты өз кезегінде ұсынысты назарға алып, көмектесетінін айтты.
ДИНАРА НАУМОВА, МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ
Қазіргі таңда аутизмге шалдыққан балалар өте көп. Оны бірнеше өңірлердегі жұмыс сапаралымнан байқадым. Ал мамандар барынша өз міндеттерін атқаруға тырысып жатады. Сондықтан, тыңдалған ұсыныстар қаралатан болады. Барынша мәселелерге заң аясында түзетулер енгізіледі деген ой бар
Айта кетейік, орталықта аутизмі бар балалардың мінез-құлқын түзетудің ең тиімді әдістерінің қолданылады. Ал, ата-аналар баласын мекемеге әлеуметтік қызметтер порталы арқылы тіркей алады.
Қымбат Садық