Өрт сөндірушілер, жәдел-жәрдем және полицейлер шақыртуларға жылдам жетуі тиіс. Адамның аман қалуы, қайғылы оқиғаның алдын алу осы арнайы қызметтерге байланысты. Ал, жол жүрісі кезінде осы дабылын қосқан көліктерге жүргізушілер қаншалықты жол береді? Келесі сюжетте
Өрт сөндірушілер оқиға орнына тез арада жетуі тиіс. Алайда құтқарушылар көп жағдайда кептелісте тұрып қалады, кейбір жүргізушілер жол беруге асықпайды. Сондықтан әр тоқсан сайын арнайы төтеншеліктермен осындай акциялар ұйымдастырылады.
АРМАН АРЫН, ПАВЛОДАР ҚАЛАЛЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ
Бүгін біз жол бермеу жағдайларының артып кеткеніне байланысты акция өикізіп жатырмыз. Акцияның мақсаты жол беруді еске салу. Олар оқиға орнын етз келсе, өрт салдарпы аз болуы мүмкін.
Апаттық жағдайда әр минут маңызды. Сондықтан жол бойындағы көлік жүргізушілерінің мәдениеттілігі құпталады. Павлодар қаласының төтенше жағдайлар басқармасының мамандары шаһар жүргізушілерінің ниетін тексерді. Заңға бағынбаған азаматтармен бірден полицейлер жұмыс жүргізді.
АРМАН АРЫН, ПАВЛОДАР ҚАЛАЛЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ
Бізде бүгін акция қортындысы бойынша арнайы жарық және дыбыс сигналдары қосылды. Жүргізушілерге хаттама толтырылды. Жол ережелін сақтауды сұраймыз.
Қала көшелерінде көлік қаптап кетті. Кешкі кезде тіпті жол бойында ине шаншар жер болмайды. Арнайы қызметтер дәл сол уақытта бір адамның өмірін құтқаруға асықса, барынша жол беруге тырысыңыз. СЕбебі келесі жолы ол көлік сізге асығуы мүмкін.
Самал Қалиқызы