Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры сандық форматтағы жаңа қызметтерін енгізді. Енді салымшылар кейбір қызметтерді аларда филиалдардың табалдырығын тоздырмайды. Бірден онлаин форматта өтініш қалдыра алады.
БЖЗҚ enpf.kz сайтта немесе ұялы қосымшасында жеке кабинет арқылы алуға болатын жаңа цифрлық қызметтерді арттырды. Зейнетақы жинақтары бар, қайтыс болған адамның отбасы мүшелері енді қайтыс болған адамның зейнетақы жинақтары төлемін алуға (жерлеуге) онлаин өтініш бере алады. Мұрагерлік құқығы өз күшіне енгенге дейін, салымшының отбасы мүшелеріне жерлеуге 94 айлық есептік көрсеткіштің көлемінде беріледі. БҰрын бұл қызмет офлаин түрде қаралатын.
НҰРЖАМАЛ ДҮЙСЕМБАЕВА, «БЖЗҚ» АҚ ПОФ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Біздің БЗЖҚ осы арыз тіркеу деген деген қызметті онлаин енгізді. Егерде салымшы қайтыс болған жағдайда немесе мұрагерлер заң бойынша құқықтары бар.
Ол үшін қайтыс болған адамның жақын туыстарына сайттағы немесе ұялы қосымшадағы жеке кабинетке кіріп, "Қызмет" бөліміндегі "Жерлеуге жәрдемақы алуға өтініш беру" ішкі бөлімін таңдау керек. Бұдан әрі ашылған терезеде қайтыс болған адамның жеке сәйкестендіру нөмірін енгізіп, онда мемлекеттік органның ақпараттық жүйесінде қайтыс болу туралы мәліметтердің бар-жоғын тексеру және туыстық байланыстарды растау рәсімі өтеді. КЕйін алушының банктік деректемелерін енгізуге көшеді. Толтырылғаннан кейін электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қою қажет. Айта кетейік, бір реттік төлем шоттағы қаражат 347 048 теңгеден асса ғана төленеді.
НҰРЖАМАЛ ДҮЙСЕМБАЕВА, «БЖЗҚ» АҚ ПОФ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Егер адам қайтыс болған жағдайда бірнеше төлемге ие бола алады. Жерлеу төлемі қайтыс болған азамат шотында сол қаражат бюолуы керек. 94 АЕК аса болса. Қалғаны кейін беріледі. Ал қалғаны 6 айдан кейіг растаудан кейін құқығы бар алуға.
Жерлеуге арналған төлемді ресімдеуге қажетті құжаттар тізбесі enpf.kz сайтындағы "Қызметтер"/Алушыларға бөлімінде орналастырылған. Ал, қосымша сұрақтар болса Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының кеңсесіне келген дұрыс.
Самал Қалиқызы