Туысқан Омбы қаласы күнін мерекелеуге Павлодардан делегация қатысты. Сапар барысында Павлодар қалалық мәслихаты мен Омбы қалалық кеңесі арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Өзара ынтымақтастық - ақпарат алмасуды, серіктестермен байланыс орнатуды, ұсыныстарды қарауды, өңірлерді дамытуға арналған іс-шараларға қатысуды және жобаларды жүзеге асыруды қамтиды. Делегация құрамында облыстық мәслихаттың төрағасы Илья Теренченко және Павлодар қалалық мәслихатының депутаттары болды.
ИЛЬЯ ТЕРЕНЧЕНКО, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
Бұл аса маңызды құжат деп айтар едім. Бұның бәрі азаматтарымыздың өмір сапасын жақсарту үшін жасалып жатқан шаралар. Бұл жолдағы тәжірие алмасу әрқашан болып тұрғаны дұрыс. Бізді Ертіс өзені бойындағы баурылас қалалармыз. Сондықтан, әрқашан түсіністік пен бейбітшлік аясындамыз.
Меморандумның негізгі мақсаты – ынтымақтастықты дамыту, достық байланыстар мен өзара түсіністікті нығайту, өңірлердің даму мүддесі үшін іс-қимылдарды үйлестіру және осы тиімді жобаларды жүзеге асыру. Сондай-ақ, Қазақстан мен Ресей халықтарының ортақ мәдени мұрасын сақтау.
ҚОБЛАНБЕК КОЖИН, ПАВЛОДАР ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
Бірнеше ғасыр бұрын қалыптасқан дәстүрді қайтадан жалғастырудамыз. Бұл дәстүрді бүгінде екі мемлекеттің басшылары да қолдайды. Осылайша, екі қаланың депуттары өзара ынтымақтастық жөніндегі келісімге қол қоюдамыз.
Осылайша, Павлодар қалалық мәслихаты мен Омбы қалалық кеңесінің өкілдері меморандумға қол қойып, 2027 жылға дейін, яғни Омбы қалалық кеңесінің 7-шақырылымындағы депутаттардың өкілеттік мерзімі біткенге дейін өзара қарым-қатынасты заңнамалық тұрғыдан бекітті.
ВЛАДИМИР КОРБУТ, ОМБЫ ҚАЛАЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ
Бұл келісім екі мемлекетің үлкен деңгейдегі достығына үлес қосады деп ойлаймын. Екі қаланың азаматтарының өмір сапасы, жайлы қалада тұруының қамтамасыз етілуі меморандумның басты мақсаты.
Ресми бөлімнен бөлек, әдетте мемлекеттік өкілді орган жұмыс істейтін қалалық кеңес ғимаратына қысқаша шолу жасалды. Жиналыс залы, комиссия бөлмесі және қойма алаңы көрсетілді. Сонымен қатар, жиналғандар символикалық сыйлықтармен алмасты.
МӘСКЕУ, РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫ
Осындай бауырлас қалалардың кездесуі Ресей астанасында да өтті. Астана мен Мәскеу 20 жылдан астам достық қарым-қатынасты дамытып келеді. Кездесуде Мәскеу қалалық думасының және елордамыздың мәслихатының өкілдері түрлі салалардағы ынтымақтастықты кеңейтуге және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қоюға ниеттерін білдірді.