Ақтоғай ауданында ақын, айтыскер, жыршы Қимадиден Нығмановтың туғанына 100 жыл толуына орай әдеби-танымдық, еске алу кеші өтті. Шара аясында облыстық ақындар айтысы ұйымдастырылып, балуандар бақ сынады. Ақ Ертістің ақпа ақыны атанған Қимадиден Нығмановтың «Атырау» атты кітабының тұсауы кесілді.
Қимадиден Нығманов жиырмасыншы ғасырдың орта тұсында қолына домбыра алып сусаған халыққа өнер шашқан жан. Халыққа «қанатымен су сепкен қарлығаштай» еңбек етіп, халық өнерін өзіне қайта ұсынды. Өйткені, көзімен көріп, тәлімін алған Иса Байзақов, Естай Беркімбаев, Құдайберген Әлсейітов сынды дарабоз таланттардың өнері, рухы бойына сіңген еді.
ҚАРШЫҒА АРЫНОВ, АҚТОҒАЙ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ
Қалың жұртшылық еркелетіп Қимаш ақын атаған ақын аға ұлт деңгейінде ұлықталуы тиіс тұлған. Оның әдебиеттің әр жанрында, өнердің әр саласында қалдырған мұралары, ашылмаған қырлары осының анық дәлелі. Біз тарихтың ашшы шындығын суреттеген туындылары, жаңа өмірдің жаңалықтарын жырлаған шығармалары, атақты тұлғалар жайлы қалдырған еңбектері арқылы ақынды қазақ әдебиетінің тарланы деп білеміз
Ақынның 100 жылдық кешінде ұрпақтарына құрмет көрсетілді. Аудан әкімдігі атынан, отбасына естелік сый тарту етілді. Ал, Қимаш ақынның шығармашылығын көпке жеткізіп, шаңырағына ғана емес, рухани мұрасына да ие болған ақынның жары, жасы бүгінде тоқсаннан асқан Дәметкен апайға да айрықша құрмет көрсетілді. Ақынның басты байлығы артында қалған жырлары мен айтулы туындылары. Бүгінгі жұртшылық та сол еңбегі үшін құрмет тұтып, есімін әркез еске алады. 100 жылдық той аясында Қимадиден Нығмановтың «Атырау» атты кітабының тұсауы кесілді.
САЙЛАУ БАЙБОСЫН, АҚЫН, ҚАЗАҚСТАН ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫНЫҢ МҮШЕСІ
Оқып отырсаңыз жазушының шеберлігіне таңғаласыз. Кешегі ауыл өмірі. Айт мерекесі кезіндегі атмосфера, сол кездесі адамдардың, әсіресе, қыздардың сәнденуі, боямыз өмір шебер жазылады. Бүгінде ұмытылып кеткен көріністер. Тарихи жағына тоқталсақ көптеген ұмытылған есімдер бар. Сабабай, оның баласы Арнай батыр. Жауғаш, Биғаш, Тапа батыр. Қалмамбет әулие, Жолдас ақын туралы жазылады. Солардың бәрі осында отырған сіздердің ата бабаларыңыз.
Ақынның 100 жылдық мерейтойына арналған айтысқа облыстың бүгінгі сөз ұстаған жампоздары жиналды. Жиыны он ақын бір күн бойы сахнада жыр шашып, өнердің биігінен табылды.
ТІЛЕК СЕЙІТОВ, АЙТЫСКЕР АҚЫН (БАЯНАУЫЛ АУДАНЫ)
Қимаш атамыздың мол мұрасынан хабардар болып келгенімізбен Алла аузымызға сөз салып, айтысып шығамыз ба деген ниетпен келіп отырмыз. Қимаш атамыздың тойы құтты болсын дегім келеді.
ҚАЙРОЛЛА ХАФИЗ, АЙТЫСКЕР АҚЫН (ШАРБАҚТЫ АУДАНЫ)
Осы айтыста біз де барымызға қуаныштымыз. Енді бүгін Алла қаласы Шарбақты ауданының абыройын қорғап, аламанға түсеміз. Дайындық жақсы. Елге ұнайтын айтыс болады деген үміттеміз. Ел мерейы асқақтай берсін.
Айтыспен қатар, балуандар қазақ күресінен сынға түсті. 4 салмақ дәрежесі бойынша өзара мықтыны анықтады. Артынша барлығы сахна төрінде марпатталып, жеңімпаздарға ақшалай сый мен кубок табысталды. Ал, он ақынның ішінен топтан озған төрт ақын финалда өнер көрсетіп, жеңімпаздар сараланды. Белгілі жас айтыскер Рауан Қайдаров бас жүлдеге лайық деп танылды.
Жанасыл Серікбол