Павлодарда облыстық мәслихаттың экономика және бюджет мәселері жөніндегі комиссяиының кезекті отырысы өтті. Онда кейбір салаларға бөлінетін қаржы көлеміне өзгерістер енгізу мәселесі қаралды. Тілшіміз бяандасын.
Облыстық мәслихаттың экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының кезекті отырысында алдағы үш жылға арналған облыстық бюджетті нақтылау жобасы қаралды. Онда инвестициялық жобаларды бірлесіп қаржыландыру және аяқтау қажеттілігіне байланысты жүзеге асырылуы тиіс шаралар айтылды. Әуелгі кезекте жалға берілетін тұрғын үй құрылысын аяқтау, жылу маусымына дайындық сияқты жұмыстар бар.
ИРИНА НАЗАРЧУК, ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БЮДЖЕТТІК ЖОСПАРЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Облыстық бюджеттік комиссияны отырысында 17 млрд 700 млн теңгенің өзгерісі қолдау тапты. Бұл жалпы бюджеттік өтінімдердің 66 пайызы. Алдымен әлеуметтік әлсіз топты жалдамалы баспанамен қамту бағытына басымдық берілді. 5 жалдамалы баспана құрылысна 5 млрд 1 жүз млн теңге бағытталды. Оның екеуі Павлодар қаласында, үшеуі Екібастұзда. 540 млн теңге Ақсу қаласындағы екі несиелік баспана құрылыс аяқтауға бағытталады. Бұл екі үй жыл соңына дейін пайдалануға берілуі керек. Сондай-ақ, ТҮКШ саласына 5 млрд 500 млн теңге, 2 Ақсу және Екібастұз қаласының жылумен қамту бойынша іске асып жатқан 4 жобаға 2 млрд 900 млн бөлінді.
Сонымен қатар, жол құрылысына қаржы қажет ететін аудандар да бар. Олар Шарбақты, Баянауыл және Ақтоғай аудандары. Шамамен 629 млл теңге. Ал, әлеуметтік салаға 4,7 млрд теңге бөліну керек. Облыстық мәслихат төрағасы Илья Теренченко зиянкестермен күресуге қажетті 186 миллион теңгеге жеке назар аударды.
Жиында айтылған барлық ұсыныстар мен бастамалар облыстық мәслихаттың экономика және бюджет мәселері жөніндегі комиссия тарапынан қолдау тапты.
Жанасыл Серікбол, Ермек Сапаров