Павлодарда кезекті рет бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Бұл жолғы шара жастарға бағытталды. Оған 20 дан астам мекеме қатысты. Тілшіміз тарқатсын.
«Еңбек фест 2024» шарасы Павлодарда дәстүрге айналған. Бұл жолы төртінші рет ұйымдастырылуда. Алдағы уақытта да жалғаса береді. Осы жолы 20 дан астам мекеме өз жұмыс орындарын жастарға ұсына келді.
Ұсынылған жұмыс орындар әр түрлі. Мекемелер де әр қилы. Біріне техникалық қызмткерлер, біріне, жоғары мамандық иелері қажет.
АЙЯ НҰРҒАЛИ, «ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ» МЕКЕМЕСІНІҢ КАДРЛЫҚ БӨЛІМ ИНСПЕКТОРЫ
Бүгін біз мансап орталығына келіп, жұмыс орындарымызды таныстырдық. Бізде көптеген бос жұмыс орындары бар. Бас есепші, сарапшы, журналист, көлік жүргіушісі, әдіскер сияқты мамандар қажет. Лайықты маман иелерін өзімізбен әріптес болуға шақырамыз. Жәрмеңкеге алғаш рет қатысып жатқанымыз жоқ. Келешекте осындай мүмкіндікті пайдаланып, қатысуға тырысамыз.
Қазіргі уақытта Павлодар облысы бойынша 4 мыңнан астам жұмыс орыны бар. Ал, жұмысссыз ретінде тіркелгендер саны 3 мыңнан асады. Оның 2 мыңы осындай шараларға белсенді түрде қатысады.
Жанасыл Серікбол