Облыс орталығына еліміздің түкпір-түкпірінен белсенді жастары жиналды. Бұған себеп "Жастар серпілісі" республикалық форумы. Оған білімді, дарынды, белсенді азаматтары қатысып, озық идеяларын ортаға салды. Біздің түсірілім топ форумның салтанатында болды.

Жастар - ел болашағы, һәм қозғаушы күші. Арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты олар, мемлекет қарыштауына септігін тигізіп келеді. Қоғамда туындаған түйіткілдерді қоян қолтық қарастырып, шешу үшін Павлодарда жиналды. Онда еліміздің 9 өңірінен жастар орталықтарының өкілдері бас қосты. Жастар саясаты аясында кем тұстар жоқ емес. Бұны шараға мәдениет және ақпарат министрлігінен келген өкілі де атап өтті.

БІРЖАН ӘЛІМЖАНОВ, ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІНІҢ ЖАСТАР ЖӘНЕ ОТБАСЫ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Негізгі бағыттары, қазіргі кезде әрине, бірінші кезекті жастарды жұмыспен қамтамасыз ету. Бұл жалпы кез келген кезеңде қоғамда үлкен мәселелердің бірі болып табылады. Жастар практикасы, алғашқы жұыс орны. Жеңілдетілген несие. Баспана, әлеуметтік мәселелері болып табылады. Жас мамандарға ипоеткаалық несиелендіру. Жастар ұйымдары тарапынан. Белсенділік керек.аталған мемлекеттік .. әлі де біздің көңіліміз толмай отыр.

Жастар ресурстық орталықтары жастарға қолдау көрсететіні сөзсіз. Мемлекеттік саясатты қолдап, бағдарламалардың іске асуына аталған орталықтардың мамандары септігін тигізіп жүр. Тәжірбие алмасу алаңына айналған форум жұмысынан олар білімдерін толықтырып, ынтымақтастықта жұмыс жасауға ұйғарды.

ҰЛАН ОМАРОВ, ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАСЫ ЖАСТАР САЯСАТЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ МАМАНЫ

Осы форум аясында бас өңірлермен де тәжірбие алмасу деген ойымыз бар. Егер өзіміздің өңір туралы айтатын болсақ, жақын арада жаңа ғимаратқа көшкен болатынбыз. Жыл соңына дейін біз бірнеше коворкинг центр ашқымыз келіп отыр. Оның аясында жастарымыз тартып, түрлі форматта шара өткізіп, бастамаларын қолдап жобаларды жүзеге асыру мақсатымз бар. Осындай форумдардың пайдасы өте мол.

Жастар саясатында өзгерістер бар. Солардың бірі жастық шегінің 35 жасқа дейін ұлғайғаны. Бұл азаматтар кең көкжиек ашып, еңбек етуге серпіліс беретіні хақ. Айта кетейік елімізде жастар саны 5,7 млн жетті.

Әйгерім Тоқпанқызы