Атом электрстанциясы көптеген салалардың дамуына серпін береді. Қазақстанда атом электр станциясын салу бойынша Павлодар тұрғындарымен жария талқылаулар өтті. Экранға зер салайық.
Кездесуге облыстық және қалалық мәслихаттардың депутаттары, жергілікті атқарушы органдар мен қоғамдық кеңестердің, экологиялық ұйымдардың өкілдер қатысты. .Сондай-ақ, энергетика министрлігінің, «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС, Ұлттық ядролық орталық және ядролық физика институтының өкілдері шақырылды. Кездесу барысында спикерлер еліміздегі атом энергетикасын дамытудың жоспарлары мен перспективаларын таныстырды.
Талқылау барысында экологиялық ұйымдардың өкілдері мен жергілікті тұрғындар АЭС құрылысының экологиялық салдарына қатысты өз пікірлерін білдірді.
Сондай-ақ, кездесуде пайдаланылған ядролық отынды көму және кәдеге жарату, АЭС салу және пайдалану үшін мамандандырылған кадрлардың болуы мәселелері көтерілді. Атом электр станциясының құрылысы-бұл көптеген салалардың дамуын өзінен соңынан тартатын жоғары технологиялық процесс. Елімізде атом электр станциясын салу Қазақстандағы ғылым мен өнеркәсіпті дамытудағы маңызды қадам болуы әбден мүмкін.
Қымбат Садық