2024 жылдың бірінші жартыжылдығында қоршаған ортаға тасталатын зиянды заттардың нақты көлемі 0,2 пайызға азайды. Бұл туралы Павлодар облысы бойынша экология департаментінің басшысы баспасөз конференциясында айтты.

Биыл қоршаған ортаға 349,9 мың тонна зиянды зат тасталған. Экологияға әсер етеін негізгі салалар – жылу энергетикасы, металлургия, мұнайды қайта өңдеу және тау-кен өнеркәсібі. Тастандылардың басым бөлігі облыстағы үш ірі қалаға тиесілі.

ҚАНАТ МҰСАПАРБЕКОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ЭКОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ

Нақты қалдықтың 46 пайызы Экібастұз қаласында, 24,7 пайызы Павлодар қаласында және 22 пайыз Ақсу қаласында болды. Ал аудандандың үлесі 5 пайызды құрайды. Байқағанымыздай, қалдықтардың 95 пайызы үш ірі қалаға тиесілі. Салаларға тоқталатын болсақ, зиянды заттардың 71 пайызын жылу энергетикасы, 25 пайызын металлургия, мұнай-химия салалары қалған 3 пайызын құрайды

Экология департаменті қоршаған ортаның сапасын жақсартып, экологиялық тұрақты жағдайды сақтау үшін мониторингтар жүргізіп тұрады. Осылайша жыл басынан бері 69 бұзушылық анықталып, оларды жою туралы 30 бұйрық шыққан. 37 әкімшілік айыппұл бойынша 20 млн 580 мың теңге өндіріп алынған.

ҚАНАТ МҰСАПАРБЕКОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ЭКОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ

Жоспар бойынша тексерулердің профилактикалық бақылау және талаптарға сәйкестікті бақылау сияқты түрлері бар. 17 нысанның талаптарға сәйкестігін тексеру жоспарланған, олардың алтауында бақылаудан өтті, қалғандарында жұмыс жалғасуда. Ал профилактикалық 8 тексеріс жүргізілді

Спикердің айтуынша, экология департаменті жүйелі түрде әлеуметтік желіліерді бақылап отырады. Сол арқылы тұрғындардың талап-тілегін тыңдап, қажет жағдайда тексеру жүргізеді.

ҚАНАТ МҰСАПАРБЕКОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ЭКОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ

Биыл 24 маусымда Павлодар қаласының тұрғындары әлеуметтік желіде химқалашық ауданындағы жағымсыз иіске қатысты ақпарат жариялаған. Сол күні біздің зертхана Қазгидромет филиалымен бірлесіп, өлшеулер жасады. Нәтижесінде бұзушылықтар анықталған жоқ. Айта кету керек, бұл ауданда, Айманов көшесі 26 мекенжайында Казгидромет бекеті бар. Ондағы мамандар тәулік бойы жағдайды бақылап, күніне үш рет көрсеткіштерді тіркеп отырады

Өндірістік кәсіпорындардан шығатын қалдық көлемінің азаюы мен жүйелі тексерістер кәсіпорындадың экологиялық жауапкершілігінің артқанын дәлелдейді. Соның арқасында қазір облыстағы экологиялық жағдай жақсарған.

Жұлдыз Қабылденова