Павлодарда тамыз айының басында «Мисс Павлодар 2024» атты арулар арасында байқау өтті. Сұлулық конкурсында жеңімпаз атанған ару арнамызға алғашқы сұхбатын берді. Толығырақ алдағы сюжетте.

 «Мисс Павлодар» байқауын өткізу игі дәстүрге айналған. Жылда өңіріміздің арулары ең ажарлы бойжеткен атануда бақ таластырады. Биылғы байқау да он үш үміткердің бар мүмкіндіктерін бағалауға жол ашты. Ал биыл сұлулық тәжін Назым Шегебай жеңіп алды. Ол 18 жаста, болашақ ұстаз.

НАЗЫМ ШЕГЕБАЙ, «МИСС ПАВЛОДАР-2024»

Жалпы мен осы кастингке өзімнің модель мектебінен келген болатынмын, мені сол жерден жіберген болатын. Мен ол кастингтен өтемін деген ой мүлдем болған жоқ, бірақ кастингтен өткен соң, менде өзіме деген сенімділік арта басталды.

 «Мисс Павлодар» байқауына қатысушы аруларға сахнада өзін-өзі ұстау, мәнерлеп сөйлеу және демеушілер ұсынған киім үлгілерін асқан шеберлікпен көрсету талап етілген. Осы сындардан сүрінбей өткен Назым бос уақытында ән айтады, әрі қайырымдылыққа үлес қосып келеді.

НАЗЫМ ШЕГЕБАЙ, «МИСС ПАВЛОДАР-2024»

Менің ойымша Мисстің бойында ең бастысы мейірімділік пен өтірік айтпайтын қасиет болу керек яғни шыншылдық. Қайырымдылықпен өзім айналасамын, яғни, далада кетіп бара жатқан кезде ит мысықтарды көрген кезде тамақ беруге тырысамын. Үйсіз адамдарға да қолымнан келгенше көмек беремін.

Сұлулық байқауына қатысу үшін Назымға көмек беріп, үлес қосып жүрген жандар бар. Ол осы сәтті пайдаланып, зор алғысын білдірді.

НАЗЫМ ШЕГЕБАЙ, «МИСС ПАВЛОДАР-2024»

Жалпы Мисс Қазақстанға бару мен үшін үлкен жауапкершілік ол үлкен еңбек әрине менің ғана күшім оған жетпейді. Осы сәтте маған көмек беріп жатқан адамдар бар, бүкіл қала десем де артық болмайды. Әсіресе театр моды Раисы, яғни, Раиса Жұмашева маған қазір жол көрсетеді мен сол жолмен жүрмін. Менің мұғалімім хареографтан Галия Палюденовна қалай дұрыс жүру керек, қалай өзіңді ұстау керек. Оған қоса Салондар әртүрлі, шашты қалай дұрыс ұстау

керек,дұрыс тамақтану және беттің терісін қалай дұрыс күту керек.

Назым аруымыз енді алда өтетін «Мисс Қазақстан» байқауында облыс намысын қорғайды. .

Сабина Жолдаспаева Қымбат Садық