Өңірдің 200-ден астам тұрғыны облыстың кадр резервіне өту үшін құжаттарын тапсырды. Іріктеудің I кезеңі бойынша тестілеуді 71 адам сәтті тапсырып, келесі кезеңге өтті. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Бастапқы сынақ Қазақстан Республикасы заңнамаларын білуден өтті. Ал 2- мен 3-ші кезеңде үміткерлердің жеке қасиеттері мен құзыреттері бағаланып, нәтижесінде 31 қатысушы өңірлік кадр комиссиясына құрылымдық сұхбат алу үшін ұсынылды. Өңірлік кадр комиссиясының отырысында қатысушылар өңір тұрғындарының өмірін жақсарту бойынша өз жобаларын ұсынды. Үміткерлердің әрқайсысымен өңірлік кадр комиссиясының төрағасы - облыс әкімі Асайын Байханов кездесті. Ол үміткерлерден өздерін болашақта қалай көретінін және аймақ тұрғындарының әл-ауқатын жақсарту үшін не істеу қажет деген ойларын сұрады. Іріктеу қорытындысы бойынша Павлодар облысының кадр резервіне 20 адам өтті. Резервке алынғандар сайлау тәртібімен тағайындалып, жергілікті атқарушы органдардың "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналаса алады.