Архивтік құжаттарды насихаттау және пайдалану. Дәл осындай тақырыппен қаламызда архившілерге арналған өңірлік семинар ұйымдастырылды. Жалпы елімізде неше архив бар, олар қалай жұмыс жасап тұр? Тілшіміз айтсын.

Архивте талай жылдардың құжаты жатыр. Архивтың арқасында өткен мен бүгін, мәдениет пен қоғамдық өмірдің тарихы сақталады. Сондықтан оның жұмысы жаңару, цифрландыруды, өзгерістерді, басқаша насихаттауды қажет етеді. Жалпы елімізде 200-ден астам мемлекеттік архивтер бар екен.

ҚОРЛАН ДӘУЛЕТБАЕВА, МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРІЛІГІ, АРХИВ, ҚҰЖАТТАМА ЖӘНЕ КІТАП ІСІ КОМИТЕТІНІҢ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ

Қазіргі таңда ҚР-да 236 мемлекеттік архив жұмыс істейді. Олардың бесеуі архив, қалған мемелкеттік республикалық архивтер. ҚР Ұлттық архив қорының құжаттар саны 27 мллнан асады. Олар 78 мыңнан астам архивтік қорларда шоғырланған. Бұл жеке тектік құжаттар санына жатады.

Осы ретте жылда архившілерге арналған өңірлік семинар ұйымдастырылады. Биыл ол Павлодарда өтіп жатыр. Семинардың негізгі мақсаты – архив мекемелері қызметкерлерінің біліктілігін арттыру, практикалық тәжірибемен алмасу. Семинар аясында архивтік құжаттарды пайдалану мен жариялау мәселелері бойынша заңнама мен нормативтік құқықтық актілердің негізгі аспектілері, пайдаланушылардың құжаттамалық деректерге қолжетімділігі талқыланды.

САЯУЫШ СӘДУАҚАС, МӘДЕНИЕТ, ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ ЖӘНЕ АРХИВ ІСІ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Архив ісі комитеті мен Павлодар облыстық тарабынан ұйымдастырылған шара, Қарағанды, Ұлытау, Астана қаласынан өкілдері қатысып отыр. 40 шақты қонағымыз бар. Жалпы бүгінгі күні құжаттарды қоғамға таныту, жүйелі танытуға бағытталған семинар ұйымдатырылып отыр.

Семинарға Абай, Ұлытау, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының басқармаларының, мемлекеттік архивитерінің басшылары мен қызметкерлері қатысты.

ЛАУРА ҚАДЫРОВА, МӘДЕНИЕТ, ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ ЖӘНЕ АРХИВ ІСІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ (АБАЙ ОБЛЫСЫ)

Өңірлік Семинарға 6 адам келіп қатысып отырмыз. Өзімізбен баяндама алып келді. Оның басты шарты архив құжаттарын насихаттау. Үлкен нәрсе күтіп отырған жағдайымыз бар.

Елімізде құжаттарды сақтайтын 236 мемлекеттік архив барын жоғарыда айтып кеттік. Соның ішінде 5 республикалық, 5 арнаулы, 1 Президент архиві және 225-і облыстық, қалалық, аудандық архивтер жұмыс істейді. Республикада ғылыми техникалық бағытта 2 архив қана бар. Олардың бірі Қарағанды қаласында орналасқан.

ТЕМІРҒАЛИ АРШАБЕКОВ, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰЖАТТАМА ЖӨНІНДЕГІ АРХИВТІҢ БАСШЫСЫ (ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ)

Біздің архивте негізі ғылыми техникалық архив деп аталады. Негізгі бағытта 40 тан астам өндіріс орындары бар. Олар шахталар, үлкен өндіріс орындары деген сияқты ғылыми техникалық құжаттарын сақтап отырмыз. 60 қа жуық мекеме біздің архивтік құжатта бар. 150 мыңдай құжат бар, соларды ақпараттардыру бойынша жұмыс атқарып жатырмыз.

Семинар 2 күнге жалғасады. Пленарлық отырыста 9 баяндама оқылды. Айта кетейік, архившілердің өңірлік семинары жылда, еліміздің әр қаласында ұйымдастырылады.

Самал Қалиқызы