Энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шарушылығы басқармасы 2024 жылдың І жартыжылдығында атқарған жұмыстарының нәтижесімен бөлісті. Сондай-ақ ІІ жартыжылдыққа іске асуы тиіс мақсаттар айқындалды. Бұл салада қандай өзекті мәселелер бар? Тілшіміз тарқатады.

Басқарма жұмысының бірнеше бағыты бар. Алғашқысы – электрмен жабдықтау саласы. Соңғы екі жылда аймақта технологиялық бұзушылықтардың саны артқан. Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы апаттық өшірулердің өсу себептерін талдады. Нәтижесінде 2025-2026 жылдардың Жол картасына 80 елді мекен қосылды. Осылайша апаттық өшірулер санын 40 пайызға азайту жоспарлануда.

ЕРЖАН ИМАНЗАЙЫПОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ТҮКШ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Желілердің тозуын азайту мақсатында жыл сайын облыстың энергия беруші кәсіпорындары электр желілерін қайта жаңарту, жаңғырту, күрделі және ағымдағы жөндеу және қосалқы станциялардың электр жабдықтары бойынша инвестициялық іс-шараларды іске асырады. Алайда бұл жеткіліксіз. Осыған байланысты Басқарма Павлодар облысының электрмен жабдықтау желілерін қайта жаңарту және жаңғырту бойынша 2025-2026 жылдарға арналған Жол картасын әзірлеуге бастамашылық етті. Бұл жоба пилоттық болып табылады

Келесі бағыт – Павлодар облысының жылумен жабдықталуы. Бірінші жартыжылдықта Басқарма Павлодар және Екібастұз қалаларындағы жылумен жабдықтау мәселелерін шешу бойынша Жол картасын әзірледі. Ол жылу көздерін жаңғырту жөніндегі іс-шараларды, сондай-ақ ұзындығы кемінде 25 шақырым магистральдық және орамішілік жылу желілерін жыл сайын қайта жаңартуды көздейді.

ЕРЖАН ИМАНЗАЙЫПОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ТҮКШ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Павлодар қаласында бүгінгі күні жалпы ұзындығы 2,5 км ТМ-13 жылумен жабдықтау бойынша 1 жоба іске асырылуда.

Екібастұз қаласында 2024 жылы 2023 жылдан ауыспалы жоба аяқталды, жалпы ұзындығы 3,5 км ТМ 7/1 құрылысы, сондай-ақ, жалпы ұзындығы 3,9 км ТМ-1 және ТМ-3 қайта жаңарту бойынша 2 жоба іске асырылуда.

Ақсу қаласында ағымдағы жылы жалпы ұзындығы 4,3 км Ақсу қаласының орамішілік жылу желілерін қайта жаңарту бойынша 1 жоба іске асырылуда.

Ауылдық елді мекендерді сумен жабдықтау мәселесі де – бақылауда. Облыста барлығы 352 ауылдық елді мекен бар. Олардың 228-сі орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген, 94-де кешенді блок-модульдер орнатылған және 4 -де топтық су құбырынан бағандар бар. Ал 26 ауылдық елді мекен құдық суын пайдаланады.

ЕРЖАН ИМАНЗАЙЫПОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ТҮКШ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Баянауыл ауданы Жалғызқайың, Күркелі және Сәтбаев ауылдары, Павлодар ауданы Қаракөл, Тереңкөл ауданы Қызылтан, Ақтоғай ауданы Барлыбай ауылдарында су құбырларын салу жобаларын іске асыру есебінен мүмкін болды. Ауылдық елді мекендер тұрғындарының таза ауыз суға қолжетімділігін 100% қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жоспарын одан әрі орындау Басқарманың бақылауында болады

2024 жылдың басында елдің солтүстік-шығыс өңірлерін, оның ішінде Павлодар облысын газдандыру бойынша жұмыс тобы құрылды. Тауарлық тұтынудың болжамдық құрылысы бойынша Аймақты газдандандыру схемасы әзірленді.

ЕРЖАН ИМАНЗАИПОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ТҮКШ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Аймақты газдандыру схемасының бастапқы нұсқасында негізгі транзиттік газ құбыры 4 аудан мен Паводар қаласының аумағы арқылы өтеді. Басқарма бұл нұсқамен келіспей, бүкіл елді мекендерді қосуды негіздей отырып, КАТЭК институтының барлық 10 аудан мен 3 қаланы қамти отырып, Павлодар облысын газдандыру схемасына өзгеріс енгізд

Өңірді газдандыру газ құбырын салу кезеңінде аймаққа қосымша инвестициялар тартуға және табиғи газбен жұмыс істейтін жаңа кәсіпорындар ашуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар газдандыру жылу энергиясының тапшылығын жою және энергия желісіндегі жүктемені теңестіруге мүмкіндік береді, - дейді басқарма басшысы Ержан Иманзаипов.

Жұлдыз Қабылденова