Екібастұз ахуалы Үкіметтің ерекше назарында. 2022 жылы энергетиктермен кеншілер қаласында техногендік апат орын алып, шаһар қақаған қыста жылусыз қалды. Қазір ахуал қандай? Толығырақ тілші әңгімесінде.

Қысқы жылыту маусымына дайындық үлкен жауапкершілікті қажет ететін науқан. «Қыс шанаңды жаз сайла» дегендей қысқа дайындық жұмыстарын жүйелеп алған жөн. Екібастұз қаласында 422 жылу желісі бар. Оның 37 шақырымы жылу магистралі. Айта кетейік, энергетиктер шаһарында 699 тұрғын үй бар.

Бұған қоса, жөндеу жұмыстарынан кейін қауіпті деп танылған аумақта 4 кезең бойынша гидравликалық сынақ жүргізілді. Оның барысында 200 ге жуық ақау анықталды. Зақымдар жойылды.Құбырлардың тозуы 87 пайызды құрап отыр.

АБАЙ ХӘКІМОВ, ЕКІБАСТҰЗ ҚАЛАСЫ ТҮКШ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ

Желіллерді құбырларды ауыстыруды атқардық. Ішкі орамдарды жұмыстарды атқардық. Оның ішінде толығымен нақты проблемалық учаскілердің барлығы қаралып, оларда ауыстырылды. Тозығы 80-90 пайызды құрап отыр. Үйінде ыстық су жоқ. Жоғарыда айтылған жұмыстарға байланысты ағымдағы жұмыстар жүргізіліп жатыр. .. атқарылып дайын болады.

Қазір №1 және 3 ші жылу магистральдарын жаңарту жүріп жатыр. Жөндеуді орындап жатқын мердігер ұйым нысанды уақытында тапсырамын деп уәде беріп отыр. Жоспар бойынша жылыту маусымы Екібастұз қаласында қазан айында басталады.

Әйгерім Тоқпанқызы