Соңғы уақытта елімізде қоқыс ашық шашылып жатады. Бұл экологияға зор зиян әкелетіні түсінікті. Сондықтан, осы мақсатта ғөңірде рұқсат етілмеген полигондарға мониторнинг жұмыстары жүргізілді. Толығырақ алдағы материалда.

Кейінгі жылдары елімізде заңсыз қоқыс полигондары көбейіп кеткен. Бұл онсызда экологиясы тұралап тұрған өңірлерге соққы болып тиеді. Мәселен, биыл «Қазақстан Ғарыш сапары» агенттігінің тексерісімен Павлодарда 126 заңсыз полигон анықталды. Оның көбі Павлодар мен Ақсу қаласында және Павлодар ауданында байқалады. Рұқсат етілмеген жерлерге тасталған қоқыстарды экология департаменті қадағалайды. Кезекті рейд Шербақты ауданына апарар жолдағы көпірде а болды. Оған депутаттар мен полиция қызметкерлері де қатысты.

РУСЛАН ТЕМІРБОЛАТОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ЭКОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ИНСПЕКТОРЫ

Рұқсат етілмеген қоқыс қалдықтары заңды арналмаған аумақта пайда болуы алдымен қоршаған ортаға, адамдар мен жануарлардың денсаулығына үлкен қауіп төндіреді. Рұқсат етілмеген жерде қоқыс тастау өзекті мәселе. Мұны жою үшін қалалар мен аудандардың әкімдері осы салада тыңғылықты түрде жұмыс істеуі керек. Мәселен, ең бірінші қыс мезгілі басталмай, яғни, қар жаумай тұрып, заңсыз полигондарды тазалау керек. Және рұқсат етілмеген жерге қоқыс тастамауды барынша қадағалаған дұрыс

Облыс орталығында заңды деп белгіленген 1 ғана қоқыс полигоны бар. Мамандардың айтуынша, заңсыз қоқыс алаңдарының пайда болуына себепші тұрғындардың өздері. Яғни олар қолданған қатты қалдықтарды тиісті орынға емес, көпшілікке көрінбейтін ашық алқапқа тастайды.

ДӘУРЕН ҚАБЫШЕВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ПД ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ИНСПЕКТОРЫ

Қоқыс тастайтын полигондардың көбі ақылы. Сондықтан тұрғындар өз қалтасынан қаражат шығарғылары келмейді. Ақшаны үнемдеу мақсатында рұқсат етілмеген жерлерді ластайды, түрлі қоқыс тастайды. Бұл заң бұзушылыққа жатады, яғни жауапкершілігі көп екенін адамдар білуі керек.Экологиялық кеңесте депуттардың, жауапты мамандардың қатысуымен бұл мәселе талқыланды. Онда бірнеше ұсыныстарда айтылды. Біз ең алдымен рұқсат етілмеген жерлерде не үшін қоқыс пайда болатынын нақтылау керекпіз, кейін сол арқылы тиісті шаралар қолданылуы тиіс

Айта кетейік, қоқысты ақылы жерге тапсыру оның тоннасына қарай есептелінеді. Рұқсат етілмеген жерлерде қоқыс тастағаны үшін әкімшілік жаза бар, айыппұл төлейді. Сондықтан, табиғатты ластамай, тазалық сақтаған жөн.