Шәкен Аймановтың мерейтойы қарсаңында республикалық «Шәкен ізімен» деректі кино байқауы өтті. Баянауыл төрінде өткен дүбірлі тойда жеңімпаздар белгілі болып, марапатталды. Олардың қатарында арнамызда эфирге шығатын «Аманат» хабары бар. Толығырақ алдағы бейнесюжетте.

Облыстық «Шаңырақ» халық шығармашылығы ұйымдастырған республикалық кино байқауға жан-жақтан 20-дан астам жұмыс ұсынылған. Сәйкесінше, фильмдердің авторларының көбі теледидар мен кино мамандары болды. Жеңімпаздар тұғырынан «Ертіс» телеарнасының журналисі Гүлсара Маликова да көрінді. Ол Алматы қаласында Шәкен Айманов туралы «Аманат» бағдарламасын түсірген. Кинорежиссердің саналы ғұмырынан сыр шертетін туынды қазылардың оң бағасына ие болған.

ГҮЛСАРА МАЛИКОВА, ЖУРНАЛИСТ

Шәкен Айманов жайлы деректі фильм қаншалықты ұлы болса да біздің жерлесіміз өмірде соншалықты қиындыққа толы, күрделі өмірінің ешкім біле бермейтін тұстарын ашып, көрсететін сондай фильм жасаған болатынбыз. 2021 жылы Алматы қаласына барып, ол кісіінің көзін көрген, Шолпан Алтайбаева, Нұржұман Ықтымбаев тәрізді бірге жұмыс істеген адами, кәсіби келбетін білетін жандармен сұхбаттасып, сол кісі жайлы терең сырларын берген болатынбыз, ешкім ешқашан айтпаған деректерді айттық, көрсеттік, Осы тұстары ұтымды болған болар

Гүлсара Маликова «Жерұйық», «Аманат», «Сарасөз» сынды хабарлардың авторы. Қазіргі уақытта, бала күтімімен үйде отыр. Журналистің мұндай жетістікке жетуі ұжыммен тікелей байланысты дейді ол. Сондықтан да, хабарды өңдеп, монтаждаған арнамыздың қоюшы режиссері Жанна Тұяқованың қосқан еңбегі де зор.

Айта кетейік, «Шәкен ізімен» атты республикалық байқауда Гүлсара Маликова жүлделі 3 орынды жеңіп алып, 350 000 теңгелік сертификатқа ие болды.

Қымбат Садық