Мәйіттік донорлыққа қалай қарайсыз? Дүниеден өткеннен кейін жарамды органдарды басқа адамның өмірін сақтап қалуға берер ме едіңіз? Осы ретте павлодарлық дәрігерлер үшін мәйіттік донорлық тақырынбында семинар өтті. Онда не айтылды? Тілші сюжетінде.

Елімізде 4 мыңнан астам адам ағза ауыстыруға мұқтаж. Ал донор мәселесі тиісті деңгейге жетпей жатыр. Өйткені осыған дейін медициналық жабдықтау, мамандарды оқыту бойынша жұмыстар жүрді. Енді мәйіттік донорлық кеңінен қарастырылып, халықпен талқыланып жатыр.

ҚАЙРАТ ИМАНБАЕВ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТРАНСПЛАНТАЦИЯНЫҢ ҮЙЛЕСТІРУ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ

Биыл халықпен жұмыс істеуді бастадық. 2012 жылы орталық құрылды, жеке орталық болып 2020 жылы бастады. Содан кейін медициналық жақсы жақсы көтерген. Мәйіттік донорды қозғамаған. Халықтың көзқарасын бұру мақсатында жұмыстар атқарып жатырмыз.

Елімізде мәйіттік донорлық жұмыс жасамаса, бүйрек, жүрек, бауырға кезекте тұрған репициент автоматты түрде қайтыс болды деген сөз. Бұл ретте айту керек, бүйректі немесе бауырды биологиялық параметрлері бойынша лайықты және ағзасын беруге дайын адамды табу арқылы тірі донордан ауыстырып қондыруға мүмкін болса, жүрек немесе өкпені науқас тек қайтыс болған адамнан ғана ала алады. Айта кетейік, мәйіттің органы туыстарының рұқсатынсыз берілмейді.

ҚАЙРАТ ИМАНБАЕВ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТРАНСПЛАНТАЦИЯНЫҢ ҮЙЛЕСТІРУ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ

Бұл былай болады. Тірі кезінде өзінің пікірін егов арқылы білдіртуге болады. Келісім бере ме, әлде бермей ме деп. Емханада ойын айта алады. Бұл тірі кезінде. Мәйіттік донорда. Мидың өлімі болған кезде донормен жұмыс істейміз. Алдын ала келісім болса да мәйіттің туыстарынан сұраймыз. Бермейміз десе бермейтін болады.

Республикалық трансплтантацияны үйлестіру және жоғары технологиялы медициналық қызметтер орталығы жер-жерде медицициалық мамандармен, қарапайым халықпен түсіндірме жұмыстарын, семинарлар өткізіп жатыр. ОЛар мәйіттік донорлықтың соншалықты қорқатындай дүние емес екендігін түсіндіреді. 18-62 жас аралығындағы инсульт алмаған, ағзаларына зақым келмеген адам мәйіттік донор бола алады. Бір қайтыс болған адамның ағзасын 5 адамға салып, құтқарып қалуға болады.

ҚАЙРАТ ИМАНБАЕВ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТРАНСПЛАНТАЦИЯНЫҢ ҮЙЛЕСТІРУ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ

Бір адам кемдегенде 7 адамның өмірін сақтап қала алады. Бұл жүрек, екі өкпе, екі бүйрек, бір бауыр, көздің мембранасы алынады. Бір мәйіт кем дегенде 5 адамның өмірін сақтап қалады.

Республикалық орталықтың базасында күту парағы бар. Онда кезекте тұрғандардың 90 пайызы бүйрегін ауыстыруды қажет етіп отырғандар.

ҚАЙРАТ ИМАНБАЕВ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТРАНСПЛАНТАЦИЯНЫҢ ҮЙЛЕСТІРУ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ

Негізі күту парағы деген. Бар біздің орталықта. Күту парағында 4100 адам күтіп отыр. Сәйкес келген орган ды күтіп отыр. 3000нан астам бүйрек бойынша, 190 бауыр, 130 жүрек, өкпесі бар. 103 бала бар. Қазақстанда қазір 7 трансплатанция орталығы бар. Алматыда, Шымкентте, Астана, Ақтөбеде.

Павлодарда соңғы 5 жылда 5 мәйіттік донор тіркелген. Басқа өңірлерде тіпті көрсеткіш төмен. Ал әлем бойынша Испания, Белорусь, Иран елдері мәйіттік донорлық бойынша көш бастап тұр. Бұған христиан, мұсылман, православ діндерінің де көзқарасы түзу, деді орталық басшысы.

Самал Қалиқызы