Екібастұз көмірі – өңіріміздің басты байлықтарының бірі. Сондықтан екібастұздықтар үшін кеншілер күнінің орны ерекше. Шахтерлердің кәсіби мерекесі биыл да кең көлемде аталып өтті. Толығырақ – келесі сюжетте.

Қазір Екібастұздағы 3 ірі кәсіпорында 9 мыңнан аса кенші қызмет етеді. Соның арқасында Екібастұз республика бойынша көмір өндіру көлемінің үштен бірін құрайды. Бұл ретте кеншілердің зор еңбегін қала әкімі Аян Бейсекин атап өтті.

АЯН БЕЙСЕКИН, ЕКІБАСТҰЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ

Құрметті сала мамандары, кәсіпорын қызметкерлері, технологиялар қаншалықты дамыса да, Сіздерсіз осындай жетістіктерге қол жеткізу мүмкін болмас еді. Мемлекет басшысы кеншілеріміздің еңбегіне жоғары баға беріп, мемлекеттік наградалармен марапаттауда.Осы мереке күні ардагерлерімізге, құрметті кеншілерімізге, сондай-ақ өңіріміздің еңбек тарихына, экономикасының қалыптасуы мен дамуына баға жетпес үлес қосып жүрген барша тұлғаларға ерекше алғыс білдіреміз.

Еңбегі еленген кеншілер лайықты марапаттарына ие болды. Оларды құттықтау үшін Қазақстан Республикасының өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Иран Шархан арнайы келді.

ИРАН ШАРХАН, ҚР ӨНЕРКӘСІП ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС ВИЦЕ-МИНИСТРІ

Ұлы тұлға Қаныш Сәтбаев айтқандай, өз елінің тасын мақтай алмайтын тұлға өзге жердің алтынын мақтап жаратар емес. Сіздердің отбасыларыңызда, аманшылық, денсаулық тілеймін

Салтанатты шара концерттік бағдарламаға ұласты. Өнерпаздар сала мамандарын кәсіби мерекемен құттықтап ән мен биден шашу шашты.

Жұлдыз Қабылденова