Жаңа оқу жылының алдында өңірде «Мектепке жол» акциясы белсенді түрде өтіп жатыр. Бүгін де бірнеше оқушы мектепке қажет заттарға ие болды.

Биыл Қазахстан халқы Ассамблеясы жанынан «Жомарт жан» орталығы ашылған. Әлеуметтік маңызы бар жобаларды насихаттауды мақсат ететін жандар бұл жолы «Мектепке жол» акциясына атсалысуда.

АУРИКА ДЯК, ОБЛЫСТЫҚ ҚХА ЖАНЫНДАҒЫ «ЖОМАРТ ЖАН» ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Бүгін біз балаларға аяқ киім, костюм, галстук, жейде, спорттық киім, сөмке мен кеңсе тауарларын таратамыз». Бұл оқушылар ешқандай тізімге ілікпеген. Сондықтан оларды қолдау үшін, көмек қолын созу үшін белсенді түрде жұмысымызды бастап кеттік

Аталған шараға облыстағы барлық этно-мәдени орталық қатысуда. Түрлі ұлт өкілдері болса да, барлығының мақсаты бір – қайырымдылық шарасынан тыс қалмай, балаларға көмек көрсету.

ХУСЕЙН ГУЛОВ, ОБЛЫСТЫҚ ҚХА ТӘЖІК ЭТНО-МӘДЕНИ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ

Біз, тәжік этно-мәдени орталығы да шараға үлесімізді қосып жатырмыз. Аз қамтылған, ерекше жандар бар жанұяларға жәрдемдесудеміз. Сондықтан орталығымыз екі отбасын таңдап алдық. Біреуі 16 жаста болса, екіншісі ерекше қажеттіліктері бар жан. Олардың мектепке жақсы көңіл-күймен, алаңсыз баруы үшін қажет заттардың бәрін алдық

Игі шара жаңа оқу жылының басына дейін жалғасады. Осы уақыт аралығында кез келген жан қолынан келгенше жәрдемін ұсына алады. Ол үшін мектепке қажет жаңа киімдер мен жабдықтарды Достық үйінде орналасқан Қазақстан халқы Ассамблеясына тапсыру қажет.

Жұлдыз Қабылденова