Ата Заң - Тәуелсіздіктің тірегі. Облыс орталығында Конституция күні қарсаңында интеллектуалды квест ойын ұйымдастырылды.Оған әртүрлі сала қызметкерлері қатысты. Толығырақ алдағы сюжетте.

Танымдылықты арттырып, Отанға деген сүйіспеншілікті ояту интеллектуалды сайыстардың маңызы зор. Ұйымдастырылған квест ойынға архив, спорт басқармасы қызметкерлері мен орманшылар қатысты. Ата заңды білу-әр азамат парызы.

Ойынның басты мақсаты тиісті сұрақтарға тез әрі дұрыс жауап беру. Әр дұрыс жауапқа Қазақстан картасының бір бөлшегі берілді. Соңғы мәреде толық карта жиналуы шарт. Ойынға қатысқандар жылдам әрі тез ойлауы керек болды. Қатысушы ұжымның бірі Павлодар орман және жануарлар әлемін қорғау мекемесі квест ойыны қызықты өткенін айтты.

ЗАМИРА ХАЙРУДИНОВА, ҚАТЫСУШЫ

Ойынға Алау командасы құрылды. Ойын шарты бойынша әрбір маршруттарда сұрақтарға жауап беріп, Қаазақстан картасы бөлшектерін жинап алып келдік. Ойын өте қатты ұнады, белсенділік пен тәжірибеміз артты

Айта кету керек, қатысушыларға жүлделі орындар қарастылып, сыйлықтар берілді. Өз кезегінде бұл қатысушыларға мотивация беріп, білімдерін шыңдауға мүмкіндік берді.

Қымбат Садық