Ақсу тарихи-өлкетану музейінде фотомастер Дмитрий Багаевтың 140 жылдығына орай көшпелі фотокөрме өтті. Толығырақ тілші әңгімесінде.

Дмитрий Багаевтың музей-үйі Г.Н.Потанин атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейінің филиалы. Ол 2001 жылы 30 қаңтарда ашылған. Бұл үйде атақты жерлесіміз 1905 жылдан шығармашылықпен айналысып, суретке түсірген. Ақсу қаласында ұйымдастырылған көшпелі көрмеге фотографтың пайдаланған камералы мен түсірген өлкетану экспедициясынан 25 сирек еңбектері қойылды.

ШОЛПАН ӘБІКЕШОВА, Д.П.БАГАЕВ АТЫНДАҒЫ МУЗЕЙ-ҮЙІНІҢ МАМАНЫ

Жоспарға сай біз 2024 жылдың 5 қыркүйегінен бастап фотограф Дмитрий Багаевтың 140 жылдығына орай фотокөрмелер ұймдастыруды жоспарладық. Мерекелік жыл қарсаңында біз Ақсу қаласына музейіміздің «Қазақ дәстүрлі ою өрнектері» атты этнографиялық көрмесін алып жолға шықтық. Бұл көрме Евгений Клодтың этнографиялық экспедицияның нәтижесі екендігін де атап өте аламын. Бұл экспедицияға тоқталсам, Дмитрий Багаев пен Евгений Клод 1930 жылы Баянауыл ауданы мен Екібастұз қаласына барады. Нәтижесінде ою өрнектердің басты түрлерінің пайда болу себептері, баспана құру мен безендіру-киіз үй мен жиһаз орнату қажеттіліктерін, кілемдер, қабырға киіздері, киіз басу, өрнекті киіз қаптар, ағаш сандықтарға арналған тыстар және т.б. өндіріс қалпын түсіреді. Осылайша бұл еңбектер бүгінгі күнде бізге жетіп отыр.

Олар жинаған ғылыми деректер көшпелі өмір кезеңі мен қазақ өнерін зерттеу жұмыстарындағы мағыналы үлесі болып табылады. Қазір қорда 700-ге жуық түпнұсқалы кадр жинақтары мен көріністері бар.

ГҮЛЖАНАР АҚШОЛАКОВА , АҚСУ ТАРИХИ ӨЛКЕТАНУ МУЗЕЙІНІҢ БАСШЫСЫ

Енді бүгін өте керемет күн. Биыл Дмитрий Багаевтың 140 жылдығы . Осы мерейтойға арнайы облыстан көрме ұйымдастырылды. Экспедицияда жасалған суреттерді шығарып екеуі керемет экспозияция шығарды. Осы музейде тұрғындарға көрсетіп, фильм ретінле таныстырып жатырмыз. Себебі көбісі қалаға барсада музейді араламайды, сол үшін біз таныстырудамын. Осыған қоса бьіздің фотографтарда жеке көрмелдерін ұйымдастырған.

Айта кетсек, 1939 жылы «Өнер» Мәскеу Мемлекеттік баспасында басылған «Казахский народный орнамент» атты альбом жарыққа шығады. Оған енген қазақ ою-өрнек сызбаларыны көрінісі Дмитрий Багаевтің Евгений Клодпен бірлескен жұмыстарының бар.

Салтанат Бауыржанқызы