Елімізде атом электр станциясын салу мәселесі бойынша қоғамдық тыңдау аяқталды. Талқылауға атом саласының сарапшылары, мемлекеттік қызметкерлер, қоғамдық ұйым өкілдерімен халық қатысты. Қазақстанда атом электрстанциясы көптеген салалардың дамуына серпін береді. Бұл туралы энергетика саласы маманы арна тілшісіне берген сұхбатында айтты. Толығырақ келесі бейнесюжетте.

 Қазір Қазақстанда шамамен 15 ГигаВатт электр энергиясы өндіріледі. Бірақ бес жылдан кейін бұл көрсеткіш жеткіліксіз болады. 2035 жылы біздің елге шамамен 25 ГигаВатт қажет болады. Бұл тапшылықты жою үшін жаңа энергия көздері қажет.

ОЛЖАС ТАЛИПОВ, ЭНЕРГЕТИКА ФАКУЛЬТЕТІНІҢ ДЕКАНЫ, ПРОФЕССОР

Жаңа Жылу электр орталығы, атом электр станциялары немесе баламалы энергия көздері керек. Атом электростанция экологиялық таза энергия көздерінің бірі болып табылады. Алматыда шағын зерттеу реакторлары жұмыс істейді. Онда Қазақстанда атом электр станциясын салатын су ядролық реакторы бар.

Энергетика факультетінің деканы Олжас Талиповтың айтуынша, Қазақстанда күн және жел энергиясы жалпы энергияның шамамен 6% құрайды. Энергияның бұл түрі дамып келеді. Бірақ олардың қуаты жеткіліксіз. Сонымен қатар, бұл климаттық жағдайларға өте тәуелді.

ОЛЖАС ТАЛИПОВ, ЭНЕРГЕТИКА ФАКУЛЬТЕТІНІҢ ДЕКАНЫ, ПРОФЕССОР

Электро қуаты жетіспейді. Атом электр станциясын салу керек. Сондай-ақ қатарынан ЖЭО ғы құрылысын жүргізу керек. Бізде Үлбі зауытында атом энергетикасын пайдаланатын елдерге сатылатын дайын уран таблеткалары бар. Яғни бізде АЭС салу үшін дайын отын жеткілікті деген сөз.

 Тұтынушылардың қуат көзі артқан уақытта электр энергиясының тапшылығы бар. Қазір оны көрші елдердің импортымен толтыруға мәжбүр. Бұл ұлттық қауіпсіздік және экономика тұрғысынан тиімді емес.

ОЛЖАС ТАЛИПОВ, ЭНЕРГЕТИКА ФАКУЛЬТЕТІНІҢ ДЕКАНЫ, ПРОФЕССОР

Еліміздің Оңтүстігінде электр энергиясы тапшы. Сондықтан біз оны көрші елдерден сатып аламыз. Электр желілері арқылы энергияны оңтүстікке тасымалдау бойынша КЕГОК компаниясының жобалары бар. Павлодар облысы электр энергиясының 40% өндіреді. Бірақ бұл, мәселені шешпейді. Жаңа қуат қажет. Ал оңтүстікте атом электр станциясын салу дұрыс шешім болады.

Екі ай бұрын Мемлекет басшысы атом электр станциясын салу бойынша референдум ағымдағы жылдың күзінде өтетінін мәлімдеді.

Әйгерім Тоқпанқызы, Мурат Абилмажит