Павлодарда Конститутция күніне орай «SARAP» эксперттік клубының «ҚР Конституциясы және цифрлық демократия жаңа технология арқылы азаматтық құқықты нығайту» атты аймақтық жиыны өтті. Оған мемлекеттік органдардың өкілдері, депутаттар, саяси партия ұжымдары мен жастар қауымы қатысты.

Қазақстандық қоғамдық даму институтының құрылғанына бар жоғы 3 жыл ғана болған. Бірақ, осынау уақыт ішінде ұйым 49 отырыс өткізіп, 1500 адамның басын қосты. Жиындарда отбасы құндылығы, зорлық зомбылық, гендерлік саясат, азаматтық қоғамдағы өзге де өзекті мәселелерді талқылайды.

Сарапшы ұйым біздің де өңірге өз сараптауларын жүргізген. Нәтижесінде аймақ тұрғындары шағымының басым көпшілігі денсаулық сақтау және білім саласына қатысты болған. Шағымданушылардың орташа жасы 45-те.