Биыл жыл басынан бері экономикалық заң бұзушылық бойынша 32 іс тіркелген. Қазіргі күні оның 12-сі сотқа жіберіліпті. Келтірілген залал сомасы 1,2 млрд теңге көлемінде.

Эконикалық тергеп-тексеру департаменті 2023 жылы 15 істі тергеген. Оның 12-сі сотқа жіберіліпті. Оның 8-і- 190, 7-сі 189бап бойынша. Осылайша 348 млн теңге зала келіп, оған жауапты 14 адам сотталыпты. 2024 жылы сотқа дейінгі 32 тергеу тіркеліпті. Оның 12 сотқа жіберілді. Оның ішінде ҚК 190-бабы бойынша 17 қылмыстық іс тіркелген, оның 4-і сотта.

НИКОЛАЙ ПАХОМОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУ ДЕПАРТАМЕНТІ 2-ЖЕДЕЛ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 189-бабы бойынша 15 қылмыстық іс тіркелді. Оның 14-і сотқа жіберілді. Залалдың жалпы сомасы 1,2 млрд теңгені құрады, 8 адам сотталды. Мәселен, Департаментпен ағымдағы жылы "Қазақстан Темір Жолы" ҰК "АҚ" Солтүстік "өңірлік филиалы Павлодар учаскесі бастығының заңсыз қызметі әшкереленді, ол өзінің қызметтік жағдайын жүйелі негізде пайдалана отырып, қызмет бойынша жалпы қамқорлығы үшін заңсыз ақшалай сыйақы алды. Павлодар қаласының № 2 сотының үкімімен бас бостандығын шектеуге 3,6 жыл жаза тағайындалды

Сонымен қатар, "Павлодар қаласының балалар-жастар спорт орталығы" мекемесінде де алдын ала сөз байласу бойынша бір топ адам жалақыны және басқа да төлемдерді заңсыз аудару жолымен жалпы сомасы 15 млн теңгеден астам бюджет қаражатын ұрлағаны анықталған. Жүргізілген жұмыс нәтижесінде схема тоқталып, Павлодар қаласының № 2 сотының үкімімен бас бостандығын шектеуге 4,5 жыл жаза тағайындалған.

НИКОЛАЙ ПАХОМОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУ ДЕПАРТАМЕНТІ 2-ЖЕДЕЛ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Сондай-ақ, департамент 2020-2022 жылдар аралығында жүйелі негізде жұмыс істеген "Богатырь-Көмір" ЖШС-нің ақша қаражатын ұрлау схемасын тоқтатты, ол айтарлықтай тозуы бар пайдаланылған қосалқы бөлшектерді жаңаларының түрімен жеткізуден тұрды. Залал 120 млн.теңгені құрады, 45,7 млн. теңге сомасына мүлік ұсталды және қайтарылды. 45,7 миллионов тенге

Екібастұз қалалық сотының үкімімен қатысы бар адамдарға 6 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды.

Жанасыл Серікбол