Облыстық жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы 4 елдімекенде тұрмыстық қалдықтарға арналған полигон салынады деді. Әзірге жобалық-сметалық құжаттама жұмыстары жүріп жатыр. Толығырақ келесі сюжетте.

Жер қойнауын пайдалану басқармасы жергілікті деңгейде қоршаған ортаны қорғауға және табиғи ресурстарды басқаруға бағытталған экологиялық саясатты іске асырады. Бекітілген жоспарға сәйкес жыл сайын бірқатар табиғатты қорғау іс-шаралары жүргізілуде.

ДИЯР ҚАЙЫРКЕНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУ, ҚОРШАҒАН ОРТА ЖӘНЕ СУ РЕСУРСТАРЫ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ М.А.

Коммуналдық қалдықтарды басқару саласында Басқарма төрт елдімекенде: Тереңкөл, Ертіс, Баянауыл және Майқайың қатты тұрмыстық қалдықтар (ҚТҚ) полигондарын салуға жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеумен айналысады. Қазіргі уақытта құжаттар сараптамадан өтуде. Болашақта облыстың барлық аудан орталықтарында бар қоқыс үйінділерін қалпына келтіруді қамтамасыз ету жоспарлануда. Айта кетейік, Павлодар қаласының аумағында қоқыс қалдықтарын қайта өңдеуге бағытталған кәсіпорындар жұмыс істейді.

Павлодар қаласының аумағында қоқыс қалдықтарын қайта өңдеуге бағытталған кәсіпорындар жұмыс істейді. Олар пластикалық қалдықтарды қайта өңдеу, қоқыс қаптары мен жол щеткаларын шығару, бетон блоктары мен қиыршық тастар шығарумен айналысады. Қазіргі таңда облыста 2500 астам еуроконтейнер бар. Олардың ішінде Екібастұзда 1700, Павлодарда 800, пластикалық қалдықтарды жинауға 800-ден астам жәшік және аса қауіпті қалдықтарға 200 контейнер бар. Қосымша қажеттілік негізінде тағы қоқыс жәшіктері алынады. Одан бөлек, басқарма орманды қорғау мекемелерінің жұмысына да жауапты.

ДИЯР ҚАЙЫРКЕНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУ, ҚОРШАҒАН ОРТА ЖӘНЕ СУ РЕСУРСТАРЫ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ М.А.

2022 жылдан бастап орманды қорғау мекемелерін техникалық материалдық базамен қамтамасыз ету белсенді жүріп жатыр. Соңғы үш жылда оған облыстық бюджеттен 1,7 млрд теңге бөлінді. Биыл 760 млн теңге қарастырылды. Осылайша материалдық-техникалық базаны жабдықтау 73 пайызға жетті. 8 трактор, 5 автоцистерна, 10 шағын орман өртін сөндіру кешені, 33 мотоцикл, 16 ағаш отырғызу көлігі алынды. Биыл тағы 4 автоцистерна алынды. Осылайша өрт сөндіру көліктері бойынша сұрақ жабылды.

Павлодар облысының үш қаласын қоса алғанда, Қазақстанның 72 елді мекенінде тұрғындарға ауа сапасын бақылауға мүмкіндік беретін AirKZ мобильді қосымшасы жұмыс істейді. Ақпараттың қолжетімділігін арттыру үшін ауа жағдайы туралы деректер Павлодар қаласындағы бес LED-экранда, ал ағымдағы жылдан бастап Ақсу қаласындағы бір экранда таратылады.

Самал Қалиқызы