Павлодар облысында 1890 ірі қара мал басына арналған сүт тауарлы ферма, біртіндеп жұмысын бастап келеді. Қазір шетелден 570 бас, сүтті төрт тұяқты мал жеткізілді. Жоба қуаттылығы қанша, жаңа ферма қандай мүмкіндіктер береді? Тілші жалғастырсын.

«Кронос-Павлодар» сүт тауарлы фермасы Павлодар облысында биыл жүзеге асып жатқан ірі жобалардың бірі. Шаруашылық 1890 бас қара малға шақталған. Бүгінгі таңда Еуропадан голштин тұқымды 500-ден астам сүтті сиыр әкелдінді.

АЛЕКСЕЙ МАКАРОВ, «КРОНОС-ПАВЛОДАР» ЖШС СҮТ-ТАУАРЛЫ ФЕРМАСЫНЫҢ БАСҚАРУШЫСЫ

Қазіргі таңда бізде 570 бас сиыр бар, олардың 250-і төлдеді. Екінші партияны жақында шілдеде әкелдік. Олар қазан айында төлдейді деп күтіп отырмыз. Алғашқы партия бойынша 29-30 литр алып отырмыз. Қараша айында тағы 700 бас қара малды елге әкелу жоспарланып отыр. Өнім өзіміздің «Молком» сүт фирмасына жіберіледі.

«Кронос Павлодар» фермасы Ақсу ауылдық аймағында орналасқан. Ферма жем-шөппен өз-өзін толық қамтуда. 1000 гектарға жем-шөп егіледі, келер жылы тағы 350 гектарға люцерна өсіру жоспарланып отыр.

АЛЕКСЕЙ МАКАРОВ, «КРОНОС-ПАВЛОДАР» ЖШС СҮТ-ТАУАРЛЫ ФЕРМАСЫНЫҢ БАСҚАРУШЫСЫ

Ферма толық жұмыс істей бастаған кезде орташа есеппен күніне 50-55 тонна сүт алу жоспарланып отыр, оны өзіміздің сүт компаниясына жібереміз. Голштин тұқымды сиырлар өте жем-шөпке, күтімге талғампаз келеді. Аулаларда климат-бақылаулар орнатылды. Қазір бізде 3 цех салынды. Келер жылы 720 басқа тағы бір кешен салынады.

Сүт тауарлы фермада Германияның үздік құрылғылары орнатылған. Қазір шаруашылықта 59 адам еңбек етеді. Жоба толық іске қосылғанда 160 адамды жұмыс қамтитын болады. Жобаның инвестициялық құны 15 млрд теңгені құрайды.

ҚАЙЫРБОЛАТ БАЙСАРИНОВ, ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ

Бұл жоба мемлекеттен инвестициялық субсидиялау аясында қолдау тапты. Солтүстік Қазақстан өңірінің тәжірибесін тарату шеңберінде 2,5 пайыздық мөлшерлемемен 5 млрд теңге несие берілді. Өздері 8,7 млрд теңге жобаға салды. Осылайша жалпы жобаның құны 13,7 млрд теңге.

Облыста 36 сүтті-тауарлы ферма бар. Олардың басым бөлігі шетелдік өндірушілердің заманауи технологиялық жабдықтарын пайдаланады. Бұл өнім өндірісінің технологиялық процесстерін автоматандыруға мүмкіндік береді.

Самал Қалиқызы